Есірткі – жас өмірді улаушы
Хэй, сәлем досым! Сен өз достарыңның бос уақыттарында қандай іспен айналысып, қандай істерге қызығатынын білесің бе? Сені өзің қаламайтын заттарға қызықтырып, құмарландыра ма? Саған достарыңның істері, қылықтары ебедейсіз көрініп, пакетиктегі ұнтақты ұнтақты немесе басқа да беймәлім дәрітектес таблеткаларды жиі пайдаланатыны байқалама? Иә, менің ойымша, сен дәл қазір менің не туралы айтып отырғанымды түсіндің. Менің бұл сұрақтар арқылы айтқым келген нәрсе ол «есірткі». Яки есірткіге әуестік.
Көп жасөспірімдер есірткіге қызығамын деп өздерінің бал дәурен балалық шақтарында жарқын болашақтарында құртуда. Себебі, жасөспірімдер тез бейімделгіш келеді және оларды есірткі қолдануға «жәй қызық ретінде пайдаланып көремін», тек бір рет қана, одан кейін қойып кетемін» немесе «достарымда қолданады ғой» деген ойлар итермелейді және осындай ойларға сеніп, есірткінің жетегінде кетудің соңы, нашадан бір сәт алшақтай алмайтын, өз болашағын есірткісіз елестете алмайтын адамға айналысуға әкеп соқтырады. Және біздің жастардың ең басты кеселі темекі шегу болып табылады. Жәй ғана бір тал шөпті түтіндетудің зардабы біздің ұрпақтарымызға да тиетіндігін біз ескере бермейміз. Қазіргі таңда тұқым қуалайтын қатерлі аурулардың басым бөлігі темекіге тәуелділіктен бастау алатынын ескеруіміз қажет.
Ал ондай аурулар біздің ғана емес, біздің соңымыздан өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің де өмірін ойпаттамасына кім кепіл? Мінекей, бір сәттік рахат қаншама бақытты сәттерді ұрлаушы бола алады. Ал бізге осындай азап қажетпе досым? Бір сәт болсын ойланып көрші... Жоқ әрине, біз есірткінің қалың шырмауында, қара түнекте емес, шаттық пен бақытқа толы ғажайып заманда өмір сүруге лайықтымыз. Егер біз салауатты өмір салтын ұстанып, өмірімізді жарқын етсек, өз болашағымыздың іргетасын мықты етіп қалар едік. Қазіргі таңда нашадан азап көрушілердің саны күрт өсуде. Және осының барлығын ата-анамыздан көріп жатамыз. Не үшін? Ата-анамыз бізге шылым шек, жаман әдеттермен айналыс деп тәрбие бермейді ғой. Ал біз болсақ, ата-анамыздың айтқанына емес, көшедегі жаман жолға түсіп, есірткіге әуестеніп кеткен адамдардың құр сөздеріне ереміз. Біздің ешқайсымызда жаман өмір сүруге лайықты емеспіз. Себебі, бізді аналарымыз бұл өмірге жарқын болашақтың көзі ашық азамат-азаматшасы болады деген үмітпен әкелді емеспе?!
Олай болса біз не себепті ата-анамыздың үмітін ақтамай,жерге қаратуымыз керек? Сондай-ақ қазіргі таңдағы кесел шылым шегу ғана емес, ішімдікке тәуелділік. Иә, көп азаматтар ішімдікке отбасылық проблемалардың немесе қаржылай проблемалардың салдарынан салынып кетіп жатыр. «Не үшін ішімдікке салынып кеткенсіз?» деп сұрасақ «бас жазу үшін, қоямынғой енді», «ой, шаршап жүрмін» деген сынды сылтаулармен құтылады. Бірақ, осы қиындықтарды жақсы істер арқылы жеңуге боладығой. Спортпен шұғылдану, миға арналған ойындар ойнау деген секілді істер жасаумен. Есірткісіз өмір ғажайып! Осыны есімізде ұстайық. Есірткіге тәуелді болып, нашақор атанып, ата-анамызды сары уайымға салып және өз арман-мақсаттарымызды терең қараңғылықтың құдығына тастап жіберіп, өзімізге де өзге де еш сауап әкелмейміз деп ойлаймын және де нашаның адам өміріне қаншалықты зиян екенін мектеп сақшылары да оқушыларға барынша түсіндірсе деймін. Егер біз өз болашағымыздың жарқын болғанын қаласақ, осы кезден атсалысқанымыз жөн. Өз отбасымызбен бақытты ғұмыр кешіп, өз шаңырағымыздың отын өзімізге тұтатқан қайда жақсы емес пе темір тордың артында мұз қапаста күн кешкеннен. Егер нашақорлықпен айналысудың орнына тілімізді кәлимаға келтіріп, басымызды сәждеге тигізсек қайда жақсы емеспе! Немесе ең құрығанда ауламыздың алдын жинап таза ауа жұтсақта, не тауға серуенге шықсақта біршама тынығып қаламыз емеспе. Темекінің түтініне қақалғаннан таудағы таза шаңға қақалған мың есе артыққой.
Иә, досым, сен менің сөздерімнен бірәз нәрсе ұқтың деген ойдамын. Есірткісіз өмір ғажайып! Осыны есімізде мәңгі ұстайық!
Бекмырза Аружан
Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектебінің 8 сынып оқушысы
№95 орта мектебінің 8 сынып оқушысы
#УПНДПОКЗО