Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Тәуел­сіздігі­міздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құт­тықтаймын!
Биыл еліміз Мемлекет бас­шысының бастамасына сәйкес 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды.
Бұл күннің тарихы 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған күннен бастау алады. Сол сәттен бастап, егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды деп айтсақ қателеспейміз. Бұл күн – ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық күні.
Азаттық, тәуелсіздік, егемендік – кез келген ұлт үшін ең қымбат мұра десек, қазақ халқы үшін бабалардың асыл арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті.
Халқымыздың бірлігі мен қиындыққа мойымайтын ерік-жігері мен қайсарлығының арқасында егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті. Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім салтанат құрып, көзқарастары, пікірлері сан алуан дүниенің дүйім жұртын бір дөңгелек үстел басына жиды. Шекараны шегендеп, тату тірлігін әлемге паш етті. Мұның барлығы да азаттықтың арқасында қол жеткен табыстар, ғасырда жасалар ғаламаттар.
Ардақты ағайын!
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жас мемлекетіміздің қаз тұрып қалыптасуына, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткізген жетістіктерінде Сыр елінің, оның ішінде Қазалы халқының қосқан үлесі зор.
Азат елдің ұрпағы ретінде біздің алдымызда тәуелсіздік жылдары жасалған игілікті істі жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізге, ата-баба дәстүріне қамқорлық жасау міндеті тұр.
Барша аудан халқын еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін.
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев
23 қазан 2022 ж. 930 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031