Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды барлық игілігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына – 29 жыл. Азаттық, тәуелсіздік, егемендік – кез келген ұлт үшін ең қымбат мұра десек, қазақ халқы үшін бабалардың асыл арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті.
Халқымыздың бірлігі мен қиындыққа мойымайтын ерік-жігері, қайсарлығының арқасында Тәуелсіздіктің ширек ғасыр ішінде егемен елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жас мемлекетіміздің босағасын бекітіп, шаңырағын көтеруге күш салды. Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім салтанат құрып, көзқарастары, пікірлері сан алуан дүниенің дүйім жұртын бір үстел басына жиды. Шекараны шегендеп, тату тірлігін әлемге паш етті. Мұның барлығы да азаттықтың арқасында қол жеткен табыстар, ғасырда жасалар ғаламаттар.
Ардақты ағайын!
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жас мемлекетіміздің қаз тұрып қалыптасуына, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткізген жетістіктерінде Сыр елінің, оның ішінде Қазалы халқының қосқан үлесі зор.
Азат елдің ұрпағы ретінде біздің алдымызда тәуелсіздіктің
29 жылында жасалған игілікті істі жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізге, ата-баба дәстүріне қамқорлық жасау міндеті тұр.
Барша аудан халқын еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, амандық тілеймін.
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
16 желтоқсан 2020 ж. 4 449 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031