Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріледі

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріледі

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады, деп хабарлайды egemen.kz.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда:
25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу;
16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып бекітілсін.
Еске сала кетейік, Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
«Республика күні еліміздің мемлекетке деген батыл қадамының нышаны болуы тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күні басты ұлттық мереке болып қала береді. Бұл күні тәуелсіздікке қол жеткізуге зор үлес қосқан ұлттық қаһармандарымыз құрметтелуі керек», деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қазақстанда Республика күні 25 қазанда – 1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күні тойланатын, сондай-ақ демалыс күні болып бекітілетін. 2009 жылдан бастап Республика күні мемлекеттік мереке ретінде аталмай келді.
07 қыркүйек 2022 ж. 849 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031