Топырақтың маңызы зор
Тіршілік үшін ауа, су қандай маңызды болса, топырақтың да күрделілігі сондай. Өйткені топырақтың бойында барша жер планетасының тұрғындары үшін қажетті заттар бар.
Оның санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор. Тағы бір себебі ол көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошақтары» бар. Бұл ошақтар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта.
Мәселен, гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, ал басқа топырақта дамымайды. Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады.
Адам денсаулығына оның химиялық құрамы да әсер етеді. Онда кейбір элементтердің артық немесе кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер етпей қоймайды. Кейде жекелеген химиялық элементтердің ондағы тапшылығы сондай, көпшілік денсаулығына кері әсерін береді. Сондай-ақ, кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан көптеген аурулар пайда болады.
Әсіресе, өмірлік маңызы бар процесстерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің жетіспеушілігі адамзат денсаулығына едәуір зиянын тигізеді. Мұндай аурулар «эндемиялық» деп аталады. Шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізгенде «эндемиялық» ауруларды жоюға болады. Дәлірек айтсақ, топырағында йод жетіспейтін таулы аймақтарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады.
Қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Онсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса мән берген жөн. Ол құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.
Ару ЖАЛҒАС,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы
Қазалы аудандық бөлімшесінің зертхана маманы