Балаларды омикроннан үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Алматы қалалық Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты инфекционист-дәрігер Марина Головенко омикрон жұқтырғанда балаларды үйде емдеу бойынша кеңес берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, омикрон өте жұқпалы және балалар жиі ауырады, бірақ науқастардың көпшілігі үйінде қалады.
"Омикроннан үйде қалай емделу керектігі өзекті сұрақ. Өйткені ата-ананың көбісінде осы сұрақ туындайды. Бұл жерде ең бастысы - оны асқындырып алмау, яғни баланың жағдайына байланысты. Негізгі ұсыныстар клиникалық хаттамаларда көрсетілген, одан артық ештеңе қажет емес.
Ауру басталған кезде катарал, интоксикация, температура және ауырсыну белгілері пайда болады. Көп сұйықтық ішу керек және қызуды түсіретін дәрі-дәрмек қолдану керек. Антибиотиктер мүлдем қажет емес, оның үстіне бірінші күннен антибиотик тағайындалса, науқасқа өте зиян. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді. Сонымен қатар, олар иммундық жүйеге теріс әсер етеді және ол антибиотиктерге төзімділікті қалыптастырады. Сондықтан антибиотиктер қандай да бір асқынуы бар балаларға тағайындалады. Мысалы, балада бронхиттің қайталанатын түрі болса. Антибиотиктерді міндетті түрде дәрігер тағайындауы керек", - дейді Головенко.
Сонымен қатар, ол тамақты шаюдың дәлелденген тиімділігі жоқ екенін айтты."Бірақ кез келген жағдайда, бұл ауыз қуысының санитариясы. Сондықтан, егер қаласаңыз, шаюға болады. Жалпы бұл коронавирусты емдеу процесіне әсер етпейді", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, ата-ананың баланың жағдайы нашарласа дер кезінде назар аудару, жедел жәрдем шақыру және ауруханаға жатқызу қажет сәтті өткізіп алмау өте маңызды."Егер балада жоғары температура, әлсіздік немесе шаршау, қозу белгілері болса, бұл әдеттегі жағдай емес. Мұндай баланы дәрігерге көрсеткен дұрыс. Егер балада бронх-обструктив синдром, бронхиатит, ентігу болса, тіпті ауруханаға жатқызу міндетті. Кішкентай балалардың емшек ембей, сүт ішпей қоюы, бұл өте маңызды белгі. Ал егер бала әлсіреп, емшек еме алмаса, шұғыл түрде дәрігерді шақырып, ауруханаға жатқызу керек. Егер температура 39 градустан жоғары көтерілсе немесе жоғары температура үш күннен астам уақытқа созылса, бұл да ауруханаға жатқызуға негіз болады", - деп кеңес береді Марина Головенко.