Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго – Қырым Гемморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы

Конго – Қырым Гемморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы

Күн жылт етіп жылынып, көктем шыға бастасымен аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық маусымы да келеді. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады, олар кеміргіштердің індерінен жер бетіне шығып, жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды.
Адамдарға бұл вирус кененің тікелей шағуы, малды кенеден қолмен тазарту, жүнін қырқу кезінде және КҚГҚ-мен ауырған адамды күту барысында жұғады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы немесе көкала – табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Бұл аурудың аса қауіптілігі өлім-жітім көрсеткішінің өте жоғары болуында – 30-70% аралығында.
Ауруды қоздырушы вирустың табиғат пен жануарлар арасында айналысқа түсуіне байланысты медицинада қазіргі таңда ауруды мүлде жойып жіберу мүмкін болмай отыр.
Біздің ауданымыздың халқы негізінен, мал ­шаруашы­лығымен шұғылданатындықтан, КҚГҚ-сының табиғи ошақтары бар елді-мекендерде аурудың кездесу ықтималдығы да өте жоғары болып саналады.
Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі, сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді. Денеге жабысқан кенені байқаған кезде жақын орналасқан емхана немесе ауруханаға медициналық көмеккке жүгіну керек. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін есте сақтаңыз. Кенені жалаң қолмен және бірден жұлып алуға болмайды, өйткені кененің тұмсығы қалып қойып, орны іріңдеп, жара болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша кенені қарапайым медициналық қысқышпен (пинцетпен) немесе резина қолғап киіп, шүберекпен неғұрлым тұмсығына жақын жай қысып ұстап, шайқамай, бұрамай тарту керек. Шаққан орнын иод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру қажет. Кенені шыны ыдысқа салып, медициналық мекемеге өзімен бірге апару керек (қажетті жағдайда кене зерттеледі) немесе Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облыстық филиалына тапсырып, ақылы түрде зерттеуге болады.
Бүгінгі күні аудан бойынша белсенді табиғи ошақтары бар елдімекендерде осы аурудың алдын -алу шаралары жыл сайын жүйелі түрде қолға алынуда. КҚГҚ-на қолайсыз елдімекендерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өңдеу жүргізіліп, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елдiмекендердiң айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру арқылы жүзеге асырылуда.
КҚГҚ-сы ауруының алдын – алу мақсатында атқарылатын басты іс-шаралар мыналар болып табылады:
Біріншіден, вирусты кенеден адамға жұқтырмау шарасы, оған кене шақпау үшін сақтандыру киімін қолдану (жеңі ұзын жейде, шалбар); кене тез табылуға көмек беретін ақшыл түсті киімді кию, кенеге қарсы препаратты қолдану, кененің бар екенін тексеріп өзді-өздерін қарау, малдың кенеленбеуін қарастыру, кенеге қарсы препараттарды қолдану, кенесі көп аудандарға кенелердің өте белсенділігі кезінде негізсіз бармау шаралары;
Екіншіден, малдан адамға жұқтырмау шараларын қарастыру, оған жануарларға күтім жасағанда (баққан, сауған кезде және т.б.), жануарларды мүшелеген, сойған, тасымалдаған және өткізген кезде олардың қанымен, терісімен, ұлпаларымен жанасқанда сақтандыру киімдерін пайдалану. Үшіншіден, адамнан адамға жұғу қаупін азайту, оған науқаспен қатынаста болған жеке адамдардың және медицина қызметкерлері тарапынан жұтырмау шараларын қарастыру, ауру күткенде арнайы медициналық киімдерді пайдалану, жеке басының гигиенасын сақтау болып табылады.
Кене шағып алғанда немесе кенемен жанасқанда, жануарларға күтім жасағанда (баққан, сауған кезде және т.б.), жануарларды мүшелеген, сойған, тасымалдаған және өткізген кезде олардың қанымен, терісімен, ұлпаларымен жанасқанда, ашық аумақта болғанда (табиғат аясында демалғанда және т.б.), қансыраған науқас адаммен жанасқанда ауру жұқтыру қаупі көбейеді.
Ал егер,жоғарыда көрсетілген жағдайдан кейін адам өзін нашар сезінгенде және дененің қызуы көтерілгенде, кем дегенде бас және бұлшық еттер ауырғанда, жүрек айнығанда, лоқсу сезімі пайда болғанда, іш ауырғанда немесе іш өткенде, яғни, аурудың алғашқы белгілері кезінде дереу медицина мекемелеріне қаралуы қажет.

П.Әбдиева,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қазалы аудандық
сан-эпид.қызмет маманы
12 сәуір 2022 ж. 1 145 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930