Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «100 жаңа оқулық» жобасы бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелейді

«100 жаңа оқулық» жобасы бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелейді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған "100 жаңа оқулық" жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 оқулық жайлы аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері де ой-пікірлерін айтты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысқан «Қоғамдық келісім» орталығының бөлім басшысы Сәулет Сахиев, «Славяне» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова және түрік этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Гульчин Гейдарова оқулықтардың білімге құштар жастар үшін қолжетімді болатыны қуантарлық жайт деп атап өтті.
«Антропология тарихы мен теориясы» кітабы әлемдегі озық оқу орны саналатын Гарвард, Кембридж университеттерінде окытылады. Бұл оқулықтың отандық білім беру ұйымдарында қолданылуы антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандар үшін жаһандық ілім негіздерін қазақ тілінде меңгеруіне жол ашатын үлкен мүмкіндік деп білемін»,-деді Гульчин Гейдарова.
«Әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқытылатын кітаптардың қазақшаға аударылғаны өскелең ұрпақтың рухани байып, білім көкжиегінің кеңеюіне зор үлес қосады. Бұл жоба қазақстандық жастардың жалпыәлемдік зияткерлік құндылықтарды бойына сіңіріуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жобаның жүзеге асуы Қазақстанның 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылуына да септігін тигізері сөзсіз»,-деді галина Щербакова.
Әлемдік маңызы бар кітаптарды қазақшаға аударып, оқу процесіне енгізу маңызды әрі ауқымды жұмыс. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеуге негізделген бастама.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі




26 сәуір 2018 ж. 1 589 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031