Жерлесіміз Абылайхан Жұбаназар GRAND SLAM әлемдік додасына қола жүлдеге қол жеткізді
Париж төрінен ақжолтай жаңалық! Франция елінің Париж қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Grand Slam әлемдік рейтингтік турнирінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсеткен қазалылық Абылайхан Жұбаназар қола жүлдені ел қоржынына салды.Жерлесіміз қола медаль үшін өткен тартысты белдесуде Аустрия спортшысы Бернд Фасчинді жеңіп, жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін спортшымыз Абылайхан Жұбаназар дәл осы әлемдік жарыста бір күміс, бес қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Еске салсақ, Парижде өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы бақ сынауда.














