Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге емес, өзім деп қабылдайтын қазақ еліне алғыс айтамыз

Өзге емес, өзім деп қабылдайтын қазақ еліне алғыс айтамыз

Осыдан 3 жыл бұрын Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Бұл Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруді көздейтін мереке. Айтулы мейрам қарсаңында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысындағы этно мәдени бірлестік өкілдері Қазақ еліне деген жүрекжарды алғысын білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев, еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы жетекшісінің орынбасарлары Юрий Ким, Матвей Цой қазақ халқының ықыласы мен дархан көңіліне ризашылықтарын білдіре отырып, Алғыс айту мерекесімен құттықтады.
«Алғыс айту мерекесіне 26 ақпаннан 4 наурызға дейін облыста 500 шара өтіп, 200 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде», - дейді «Қоғамдық келісім» КММ директоры У.Серікұлы.
Ал, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары Юрий Федорович: «Қазақ халқының ықыласы мен дархан көңілінің арқасында біздің де көсегеміз көгеріп, өсіп-өніп жатырмыз. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстанды паналаған талай этностың өкілі сол бір зобалаңдардан аман қалып, бүгінде қанатын кеңге жайды. Кәріс халқы әлімсақтан өзінің еңбекқорлығымен, табандылығымен танылған жұрт. Ашаршылық пен қуғын-сүргіннен миллиондаған қазақ халқы қаза болды. Алайда осынау қасіретпен қажымай күресіп, құнды қасиеттерін сақтай білген ұлт өзгенің баласын да өзіндей көрді. Біз кәріс этносы қазақ жерінен өзімізге жайлы орта таптық, осында өсіп-өндік. Өткен жыл Қазақстандағы кәрістер үшін ерекше жыл болды. Кәрістердің Қиыр Шығыстан қазақ жеріне күштеп қоныс аударылғанына 80 жыл толды. Қараша айында Сыр еліндегі кәріс диаспорасы осы айтулы күнді атап өтті. Осы орайда, өзге емес, өзім деп қабылдайтын қазақ еліне алғыс айтамыз, - деді.
Еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли өз кезегінде: «Жалпы өмір жолымдағы жеткен жетістіктерім үшін қазақ еліне, оның қонақжай халқына басымды иіп өтем. Қазақстанды өзімнің Отаным, өскен жерім дей отыра, осы елге деген сүйіспеншілігімді жүрегімнің төрінде мәңгілікке сақтаймын. Біз қазақ халқына шынында борыштармыз»,- деп жиынды қорытындылады.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі.
28 ақпан 2018 ж. 1 636 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031