Жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі рейдтер жалғасуда
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында түнгі рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.Кезекті рейд жұмыстары аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовтің жетекшілігімен өтті.
Рейд барысында Әйтеке би кенті аумағындағы балалар ойын алаңдары, саябақтар, компьютерлік клубтар, ойын-сауық орындары, қоғамдық тамақтану нысандары мен көпшілік жиналатын орындар араланып, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру жағдайлары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға кент әкімдігі аппаратының мамандары, дербес бөлім өкілдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Сонымен қатар аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес рейдтік топ мүшелері кент тұрғындарына санитарлық тазалықты сақтау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау жөнінде ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта да осындай алдын алу бағытындағы түнгі рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі













