Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт санасын қалыптастырады

Ұлт санасын қалыптастырады

Назарбаев орталығында өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған кітаптардың таныстырылымына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысып, бұл мәселені тікелей өзі назарда ұстап отырғанын айтты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапxаналарға таратылмақ. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізіледі. Мұндай жаңалыққа ең алғашқылардың бірі болып қуанған кітапханашылар еді. «Негізі, кітаптардың барлығы менің үстелімде жатыр. Бір аптадан бері отырып, бәрін парақтап, біз оқыған кезде қолға тимеген дүниелер екеніне көзім жетті», – деп Елбасының өзі баға берген еңбектерді оқырман қауымы іздеп, сүйіп оқитыны анық.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан, әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Сол арқылы біз білім, ғылым саласындағы озық ойды жастардың санасына құйып, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ойлай алатын, бәсекелесе алатын ұлтты қалыптастырамыз. Елбасының бастауымен қолға алынған ауқымды бастаманы қазалылықтар һәм кітапханашылар қолдайды. 100 жаңа оқулық ел игілігіне жарайтынына күмән жоқ.
Индира НАЗАРОВА,
аудандық орталық кітапхананың
директоры.
16 сәуір 2018 ж. 1 190 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 31

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930