Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Славяне» қоғамдық бірлестігі балаларға мереке сыйлады

«Славяне» қоғамдық бірлестігі балаларға мереке сыйлады

Қаңтардың 5-6 күндері Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңажылдық шырша кеші өтті.
Аталған бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова бастаған мерекелік шыршаға қаладағы №5, 23, 198, 233 орта мектептерінің бірлестікпен тығыз қарым-қатынастағы, православ шіркеуінің жексенбілік мектебінің қатысушылары, бірлестік пен өзге де этномәдени орталықтың белсенді балалары, «Анар Бэби» оқу орталығының бүлдіршіндері, жас хоккейшілер, отбасылық жағдайы төмен, барлығы 750 бала қатысты.
Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері, Қораз, Ит кейіпіндегі басты қонақ бүлдіршіндермен әлем халықтарының түрлі ойындарын бірге ойнап, Халк, Бэтмен, Супермен және тағы басқа заманауи кинолар мен мультихикаялардың батырлары халық билерін биледі. Ал, ертегінің ең жағымсыз кейіпкері Жалмауыз кемпір гироскутермен өнер көрсетті. Фиксики болса, жанбай тұрған жаңажылдық шыршаның шамдарын жақты.
Балалар Виктория Миклина, Валерия Флорова, Данил Есинмен бірге ән айтып, әртүрлі жұмбақтардың шешуін шешті. Сондай-ақ, «Наз» және «Жемчужинка» би тобы әзірлеген керемет биді тамашалап, оған өздері де барынша атсалысты. Арқан тартысып, қызықты эстафеталарда өз ептіліктерін танытты.  
Рождество қарсаңында өткен мерекелік кештің соңында Қазақстандағы Ресей елшілігі атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
08 қаңтар 2018 ж. 2 145 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 103

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 92

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 106

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031