Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Балаларға шет тілдерін үйрету керек - ҚР Президенті

Балаларға шет тілдерін үйрету керек - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы бір қатар шетелдік оқулықты орыс тіліне аудару қажет. Бұл туралы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тілінде шыққан оқулықтардың таныстырылымында Елбасы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қанша тілді білсең, соншалықты мәдениеттісің деген сөз бар. Ал бұл қарапайым іс емес. Кейде балаларға обал, олар онсыз да тәулік бойы бос емес. Бірақ, қазір аясаң кейін өзіңе ұрсатын болады. Бізді, менің буынымды оқытқан да жоқ. Қашан оқытпақ? Ата-аналардың басты міндеті тіршілік ету, аштан қатпау болды. Балаларға қарауға қолдары тиген жоқ, ал қазір оқыту керек», - деді Елбасы. Осы ретте Мемлекет басшысы еуропалық таланатты философ Шопенгауэр өзі өмірбаянында әкесі берілген тапсырманы жаттап алуы үшін үш күн аш ұстағандығын жазғанын мысалға келтірді. «Дәл солай композиторларды да оқытты. Сол кезде оларға да ұнамаған шығар. Бірақ, кейін алғыстарын білдіреді. Бірнеше тілді білу бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай үлкен мүмкіншіліктер ашады. Бүгінде бізде мыңдаған компания жұмыс істейді және әрқайсысы өзіне жұмысшылар іздейді. Ал тіл білмесең қалай алады?», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Президентінің атап өтуінше, бірнеше тілді білу елдегі адами капитал сапасын және оның зияткерлік қуатын айқындайды. «Сондықтан үштілділік ұстанымын басшылыққа ала отырып, балаларымыз үш тілді білуі үшін барлығын жасаймыз. Мұнда тұрған жаман ештеңе де жоқ. Егер Швейцарияға барсаң, онда такси жүргізушісі төрт тілді - ағылшын, неміс, француз, итальян тілін біледі», - деді ҚР Президенті. Осы ретте Елбасы ағымдағы жылы бірнеше шетелдік оқулықты еліміздің жоғары оқу орындары үшін орыс тіліне аудару қажеттігіне назар аударды. «Бұл да маңызды. Біздің студенттеріміз әлемнің үздік стандарттары бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Аталған оқулықтарды орыс тіліне аударуда бізде ешқандай проблема болмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жария еткен БҰҰ деректеріне сәйкес, ғаламшардың әрбір оныншы ересек тұрғыны жазу-сызу білмейді. Бұл шамамен 800 млн адамды құрайды. Сонымен қатар, мектеп жасындағы 270 млн бала білім ордасының табалдырығын аттамаған.
inform.kz
12 сәуір 2018 ж. 1 305 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды