Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала болашағына байыпты Берік

Бала болашағына байыпты Берік

Берік Динашов Ақтан батыр ауылының тумасы. Мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынан «Дефектология» мамандығын меңгерген. Дипломын алған жас маман туған жерге оралып, қызмет етуді мақсат етті. Сөйтіп, алғашқы еңбек жолын Қазалы ауданындағы «Шапағат» балаларды сауықтандыру орталығында дефектолог болып бастады. Берік Көбейсінұлы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту барысында жұмыс істеді. Оларға біліммен қатар түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді. Ал 2014-2015 жылдары Ақтөбе қаласындағы психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы облыстық түзету мектеп балабақшасында логопед қызметін атқарды. Бұнда сөйлеу тілі бұзылған балалардың дұрыс сөйлеуін дамытуға көмектесті. Қазір Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде логопед.
Берік жақсы маман ғана емес отбасында әжесі мен ата-анасының мақтанышы, ағасының ізетті інісі, қарындастарының қамқор ағасы, Жаннұр есімді бүлдіршіннің әкесі. Жұбайы Айгерім үлкен отбасының ибалы келіні.
Мамандығын жақсы көретін Берік Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылған тренинг пен «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің дамуы» аймақтық семинарында сертификат иеленді.
Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Әр бала бақытты болуға әбден лайық. Олардың жаратылысынан қуыстанып, қоғамнан шет қалмауы үшін қолымнан келген көмегімді аямаймын», – дейді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

13 желтоқсан 2017 ж. 2 328 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031