Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мүмкіндігі шектеулі бала болмайды...

Мүмкіндігі шектеулі бала болмайды...

Ауданымызда ашылған «рауан» инклюзивті оқу орталығы бүгінде көп бүлдіршінге шаттық сыйлап, олардың оңалып кетуі үшін қызмет етіп келеді. бұнда шипа іздеп келушілер арнайы мамандардың көмегімен түрлі емдік шаралар мен дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. балалар мен ересектердің денсаулығы жақсарып, қоғам өмірінен қалыс қалмауына септігін тигізіп жүрген бұндағы әр маман туған жерге қалтқысыз қызмет етуді көздейді. жуырда аталған орталықтың емдік дене шынықтыру маманы Айбек Тәңірбергеновке бірнеше сауалдар қойған едік.

– Айбек Қалдыбайұлы алдымен жалпы емдік дене шынықтыру дегеніміз не? Осыған кеңірек тоқталсаңыз...
– Емдік дене шынықтыру – науқастар мен мүгедектерді емдеу және оңалту, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында жасалатын жаттығу. Емдік дене шынықтырудың жалпы міндеттері халықтың денсаулығын нығайту; ағзаның қалпына келуін жылдамдату; бастан өткен аурулардан кейінгі асқынулардың алдын алу (оңалту); жаттығулар кешендерін әзірлеу және енгізу; санитарлық-ағартушылық жұмыс, салауатты өмір салтын насихаттау.
Шүкір, қазіргі жұмысымыз жаман емес. Орталыққа келген ұл-қыздарымыз аяғынан тұрып, денсаулықтары түзеліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі бала болмайды. Әрбір ата-ана оларға ерте бастан қамқорлық танытып, денсаулығына айрықша мән берген жөн.
– Бұл мамандықты қайда оқыдыңыз?
–Менің негізі мамандығым дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. «Рауан» инклюзивті оқу орталығына алғашында дене шынықтыру маманы ретінде қабылдандым. Бір күні басшымыз маған және медицина саласы бойынша жұмыс істеп жүрген әріптесім Гүлденбек Әбдірешей екеумізге «Астанаға барып оқып келесіңдер» – деді. Содан Астана қаласында он бес елден келген шетел мамандары 25 күн бойы бізді осы мамандықтың қыр-сырына баулыды. Бұндай істі меңгергеніме өте қуаныштымын. Сенің көмегіңе мұқтаж жанға қол ұшын созу үлкен бақыт.
– Әрине, ең болмаса бір адамды шын қуанта алу ол зор бақыт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген болатын. Осы ретте біздің елімізде дені сау, білімді ұрпақ өсіп жетілуі өте маңызды.
– Иә, дені сау ұрпақ – мемлекеттің байлығы. Мен қолымнан келгенше көмегіме зәру жандар үшін еңбек етіп келемін. Біз әлемге бейбітшілік пен ынтымағы жарасқан ел ретінде таныспыз. Бірлік, татулық ол бақытқа бастайды. Ұлттың өсіп-өнуі, оның рухани жаңғыруы, білім мен тәрбиені бойына қатар сіңіруі үшін ең бастысы деннің сау болғаны маңызды.
– Емдік дене шынықтыру жаттығулары тек қана қол күшімен жасала ма?
– Иә, тек қана қолдың күші мен икемділігі арқылы жасалады. Ешқандай аппарат, тоқ қолданылмайды.
– Сонда қолының ептілік қасиеті бар адам ғана бұл мамандықты меңгере ала ма?
– Бұл мамандыққа үлкен ниетпен келу керек. Ақша табу мақсатында ғана мамандықты игерген адам қатты қателеседі. Өйткені, жаттығу жасағанда бар күн-жігер, ынта-ықыласыңды салу аса маңызды. Біреудің жасаған жаттығуын көріп алып мен білемін деуге болмайды.
– Нақты қандай ауруларға емдік жаттығу жасалады?
– Сал ауруларына, буындарын ұстай алмайтын, өз-өздерін игере алмайтын, көкірек тұсын көтере алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалады. Сондай-ақ, кез келген адам емдік дене шынықтыру жаттығуын жасауына әбден болады.
– Орталыққа неше жастан жоғары балаларды қабылдайсыздар?
– Ата-аналар балаларының денсаулығына кішкентай кезінен бастап мән бере қарауы керек. Өскен сайын қиындай түседі. Сол себепті барынша емдік жаттығуға балаларыңызды дер кезінде әкелген жөн. Қазір «Рауан» инклюзивті орталығының екінші ғимаратын ашу жоспарда бар. Онда емделушілер бес күн бойы жатып ем алатын болады. ЕДШ маманынан өзге, дефектолог, логопед, өзге де мамандар қызмет көрсетпек.
– Ересек адамдар орталық қызметін пайдалана ала ма?
– Иә, пайдалана алады. Олар алдымен ауруы туралы диагноз жазылған қағазды әкелуі тиіс. Сосын емдік дене шынықтыру жаттығуын жасатуға келісім беремін деген қолхат жазады.
– Мамандыққа сұраныс бар ма?
– Сұраныс жоғары. Қәзірдің өзінде мені Алматы, Астана, Ақтөбе қалалары жұмысқа шақыруда. Алайда менің мына жақта көмегіме зәру кіп-кішкентай бүлдіршіндерім бар. Мен оларды тастап кете алаймын. Елбасы мақаласында да туған жерге қызмет қылу баса айтылады. Қазалы өңірінің тумасы ретінде осындағы адамдардың дені сау болуы мен үшін бірінші кезекте. Өзге қалаға жұмыс ауыстыру болашақтың еншісінде.
Адамдарды аяғынан тұрғызу мен үшін Алланың маған берген сыйы деп білемін.
– Айбек, әңгімеңізге рахмет. Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.
Әңгімелескен,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
07 желтоқсан 2017 ж. 2 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031