Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

Мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы аясында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен Қызылорда облысы «№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 сынып оқушыларымен «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты іс-шарасы өткізілді.

Оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, орталық қызметкерлерімен қызықты ойындар ойнатылып, түрлі-түсті көрнекі үгіт-насихат және оқу құралдары таратылды.

Жол ережелері бойынша «Үздік суретші» байқауы ұйымдастырылып, «Үздік суретшіні» анықтау үшін оқушылардың салған суреттері жинап алынды.

Іс-шараға атсалысқан мүмкіндігі шектеулі жандар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.
08 желтоқсан 2017 ж. 2 028 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды