Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін мамандарды үйге шақырта алады

65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін мамандарды үйге шақырта алады

Егер бұрын халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын үйлеріне ерекше қажеттіліктері бар, І-ІІ топтағы мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана шақырта алса, енді 65 жастан асқан азаматтар да мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады. Бұл Қазақстанда бірқатар шектеу шараларының енгізілуімен байланысты.


Атап айтқанда, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған болатын. Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақырту үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметке сұраныс қалдыруы керек. Бұдан кейін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары өтініш қалдырушымен байланысып, құжаттардың толықтығын нақтылайды және үйге барып мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын белгілейді. Айта кететіні, қызметкерлер өтінішті қабылдағаннан кейін қызмет алушыға 7 жұмыс күнінен кешікпей баруы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында мемлекеттік корпорация қызметкерлері үй-үйге барып 22 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. «Мобильді топты үйге шақыру кезінде халықты құжаттандыру қызметін көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асыратынын ескеру қажет. Сондықтан, егер жеке куәлікті жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру қажет болса, үйге бару және құжатты дайындау уақытын ескере отырып, өтінішті кем дегенде 2 апта бұрын қалдыруға кеңес береміз», – деп атап өтті Балташева.
Естеріңізге сала кетейік, үйге шақырту барысында алынатын ең танымал қызметтердің ішінде төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, мүгедектерді сурдо-тефлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін тиісті қағаздарын дайындау сияқты қызметтер бар. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясы жағдайында қызметтерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып көрсетеді. Барлық маман маска мен антисептиктермен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.

02 қыркүйек 2020 ж. 792 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031