Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтің 80%-і электронды түрде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметтің 80%-і электронды түрде көрсетіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін 621 қызметтің 454-і, яғни 80 проценттен астамы, бүгінде электрондық форматта қолжетімді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді.
«Электрондық қызметтерді кез келген адам үйінде отырып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Connection Point секторларында өздігімен ала алады. Ол үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба керек немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс», - деді А.Қайруллаев.
Айта кету керек, филиалмен өткен жылы үш жүз мыңнан астам қызылордалыққа ЭЦҚ берілді. Егер 2018 жылы 230 мыңнан астам облыс тұрғыны мобильді азаматтар базасына тіркелсе, 2019 жылдың I тоқсанында бұл көрсеткіш 93 мыңды құрады. Аталған жүйеге тіркелген азаматтар мемлекеттік қызметтерді ғаламтор арқылы пайдаланушылар қатарына қосылған.
«Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында қызмет алушылар саны 2016 жылы 442 мыңнан астам болса, 2018 жылы 728 мың құраған. Яғни, 40 процентке артып отыр.
Жақын уақытта халық көп шоғырланған орындарда, сауда орталықтарында «Connection point» секторларын ашу жоспарлануда.
17 сәуір 2019 ж. 1 392 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031