Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SMS арқылы өтініш берген азаматқа туу туралы куәлі табысталды

SMS арқылы өтініш берген азаматқа туу туралы куәлі табысталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады.
Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болатын бұл жобаға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы Арал қаласының тұрғыны Уркинбаева Маржан Болатқызы болды. Оның нәрестесінің туу туралы куәлігін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлім басшысының орынбасары Еркін Ашықбаев және бөлім қызметкерлері табыс етті. Жас босанған ана босану палатасынан шықпай-ақ мобильді үкімет порталына тіркеліп, ұялы телефонымен sms-хабарлама жіберу арқылы нәрестесінің туу туралы куәлігін жылдам әрі жеңіл жолмен өз бетінше алуға көмектескен ХҚКО-ның қызметкерлеріне өзінің ризашалығын білдірді.
Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылады. Жаңа босанған анаға алдымен құттықтау хабарламасы келеді, осыдан кейін автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін жеке сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюы тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалы
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің баспасөз қызметі
13 қаңтар 2018 ж. 1 452 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930