Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус Алладан адамзатқа келген сынақ па, әлде жаза ма? Имам жауап берді

Коронавирус Алладан адамзатқа келген сынақ па, әлде жаза ма? Имам жауап берді

Коронавирус індеті жайлаған сайын әркім әртүрлі пікірлер айта бастады. Бірі жамандық жасағандарға жұқпалы ауру Алладан келеді десе, енді бірі жер бетінде күнәһар кісілер көбейгенде ауруды оларға сынақ ретінде жібереді деп айтуда. Осы орайда, Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Керімбекұлынан сұрап көрді.

Адамдардың жасаған жамандығы көп болғанда, Алла оларға сынақ ретінде ауру жібереді деген қаншалықты рас?
«Адамның басына сынақ тек қана жасаған күнәсі үшін келмейді. Ол күнәһар болса да, Алладан қорқатын тақуа адам болса да оның басына сынақ келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Алла Тағала адамды қаншалықты жақсы көрген сайын соншалықты сынағын күшейтіп береді» деп айтады. Алла тағаланың елшілері, пайғамбарлары – оның сүйікті құлдары. Пайғамбар (с.ғ.с) сөзінде «Менің сынағым барлықтарыңның сынақтарыңнан ауыр» дейді. Бұл сынаққа байланысты. Ал кейде адамның басына жаза да берілуі мүмкін. Алла тағала бұл жөнінде де «Бастарыңа қандай да бір жаза келетін болса, онда ол сендердің жасаған күнәларыңның кесірінен» деді.
Қазір болып жатқан жағдайды біз біреуге жаза, біреуге сынақ деп айта алмаймыз. Жалпылама сынақ деп айтамыз. Кейбіреулерге ол жаза болуы да мүмкін. Бірақ Алланың сүйген құлдарына сынақ болады. Сондықтан жаппай адамзатқа берілген жаза деп айтуға болмайды. Онда біз қателесеміз. Алланың сүйген құлдарына бұл келіп жатқан сынақ, ал кейбір күнәһар құлдарына жаза болуы әбден мүмкін. Бұның үкімін бір Алланың өзі ғана біледі. Оны жердегі біздер шеше алмаймыз. Кімнің басында жаза, кімде сынақ болып жатыр бір Алла біледі. Бірақ бұл жалпылама әлемге келген сынақ.
Жердің бетінде көптеген жаман істер көбейіп кетті. Мысалы, жемқорлық, ұрлық-қарлық, белгілі деңгейде ұятсыздық жер бетін жаулап алды. Біржыныстылардың некелерін заңдастырып жатқан елдер де бар.
Ұятсыздық, арсыздық күнделікті көгілдір экранның негізгі бағдарламасы, мазмұны болып қалды. Осының кесірінен Алла тағала осындай жұқпалы аурулар арқылы ескерту жіберуі де мүмкін. «Әй тәубаға келіңдер. Жаман істеріңді қойыңдар. Осымен сендерге ескертемін. Осыдан ғибрат, сабақ алып тоқтамайтын болсаңдар, сендердің азаптарың ертең бұдан да күшті болады» деген ескерту ретінде қабылдау керек. Кейбір жаман іс жасап жүрген азаматтарымыз, бауырларымыз болса, дұрыс жолға қайтуы қажет.
Адамзат қаншалықты дамып кетсе де Алла болмашы көзге көрінбейтін вируспен бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салып қойды. Кішкентай вирусты тоқтатуға қанша айдан бері шамамыз келмей жатыр. Сондықтан бұл Алланың ескертуі. Барлығымызға тәубеге келу керек. Аллаға, ізгілікке, тазалыққа қайту керек. Бұл вирус ескертумен қатар бізге көптеген шектеулерді үйретіп жатыр. Мысалы, қаншама түнгі клубтар, жаман орындар, арақ-шарап ішетін мейрамханалардың барлығы жабылып қалды. Сонымен қатар біз күнделікті қол жууға, тазалығымызға дұрыс мән бере бастадық. Ал біздің дініміз күніне бес рет дәрет алып жүруге бұйырады. Бұл вирус бір жағынан барлығымызды тәрбиелеп жатыр. Сол үшін дұрыс өмір сүруге біздің қазақ қоғамы әрекет жасауы керек деп ойлаймын», – дейді Алматы қаласының бас имамы.
26 наурыз 2020 ж. 670 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930