Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Есепсіз сый үш амалға беріледі

Есепсіз сый үш амалға беріледі

1. КЕШІРІМ.
"Ал, кім кешірсе жəне түзетсе, оның сыйы - Аллада... ", ("Шура"сүресі, 40-аят). Аят адамдарға кешіріммен қарауға, кез келген жағдайда түсіністік танытып, жақсы ойда болуға шақырады.

2. АЛЛА ҮШІН САБЫР ЕТУ.
"Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз". ("Зүмəр" сүресі, 10-аят). Әнас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Шындығында үлкен сынаққа үлкен сауап бар. Егер Алла Тағала адамдарды жақсы көрсе, Ол оларды сынақтарға салады да, одан кейін оларға ризалығы ретінде үлкен сый, игілік жібереді, ал сол кезде наразылық білдіргендер Оның ашуына ұшырайды". (Бұл хадисті Тирмизи «жақсы» хадис деп келтіреді).

3. ОРАЗА.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай деп айтқанын жеткізеді: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек оразадан басқа. Ол - Мен үшін. Оның сыйын Өзім беремін» (Бұхари). Қиямет күні бір жаршы: «Сауабын Алланың Өзі беретін адамдар қайда?» - дейді екен. Сонда сабыр еткен, ораза ұстап, өзгелерді кешіре білген пенделер Алланың уәдесі бойынша ең үлкен сыйға кенелмек.
07 ақпан 2020 ж. 1 102 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031