Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктіліктің 7 бағыты бойынша бір күн

Еріктіліктің 7 бағыты бойынша бір күн

Бүгін ауданымыздың ерікті жастары Жанқожа ауылында болып ауыл жастарына еріктілер жылына орай еріктілер базасын нығайту мақсатында бекітілген 7 бағыт бойынша кеңінен түсіндіріліп және салалық бағыттар бойынша іс – шаралар өткізілді.
1. «Birgemiz»: «Bilim» жобасы аясында, жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ-дің өткізілу барысы, болашақ мамандық таңдау, жоғарғы оқу орындар жайлы ақпарат беріліп, мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
2. «Birgemiz»: «Taza Qazaqstan» жобасы аясында, ауылда орналасқан саябақтар, жүргінші жүретін жолдар және мектептің ауласына тазарту жұмыстары жүргізілді.
3. «Birgemiz»: «Asyl mura» жобасы аясында, Жанқожа ауылында орналасқан тарихи ескерткіштерге, тазалық жұмыстары жүргізілді.
4. «Birgemiz»: «Sabaqtastyq» жобасы аясында, белсенді жастарымыз Қуатбай Оразбектің көңілін сұрап, жастарымыз жылы лебіздерін білдіріп, әңгімелесіп, еріктілер әкелген сый-сияпаттарын берді.
5. «Birgemiz»: «Umit» жобасы аясында, су тасқынының алдын алу мақсатында, су торабына бөгеттер орнату үшін қамыс шауып, дайындық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.
6. «Birgemiz»: «Qamqor» жобасы аясында, ерікті жастардың кәсіпкерлердің демеушілігімен жинаған, ауылдық округтегі тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік "Рахмет" дүкені ашылды. Дүкенде киім кешек, оқу құралдары және басқа да тұрмысқа қажетті заттар бар. Дүкеннің ашылу салтанатына Арықбалық ауылдық округінің әкімі Қайруллаев Маулен Мінәжадинұлы, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры міндетін атқарушы Гүлвира Бахкелдіқызы ашып, белсенді жастармен ауыл тұрғындары қатысты.
Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылу көзделіп отыр.
7. «Birgemiz»: «Saylyq» жобасы аясында, Ақжамал апамыздың үйіне барып, хал-жағдайын сұрады. Көңілі бірленген қария жастарға ақ тілегін жаударып, ақ батасын берді. Сондай-ақ Жастарымыз өздерінің кішігірім сый-сыйапаттарын табыстады.
Айта кетейік, Волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыттары бойынша алдағы уақытта барлық ауылдық округтерде қамтылу жоспарлануда.
"Қазалы" ақпарат
14 ақпан 2020 ж. 2 771 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930