Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еркін елдің еріктілері

Еркін елдің еріктілері

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін елдің еріктілері» атты еріктілер слеті өтті.

Слетке облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Абылайхан Сабанбаев жастар ұйымдарының жетекшілері, оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.

5 желтоқсан – халықаралық еріктілер күні қарсаңында ұйымдастырылған слетте қоғам дамуына қосқан үлестері үшін ұйымдардың белсенді еріктілері марапатталды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының алғыс хатын Абылайхан Сабанбаев табыстап, еріктілерді келе жатқан мерекесімен құттықтады.

Мұнымен қоса, «Нұр Отан» партиясының «English for jastar» жобасы аясында ерікті түрде, аймағымыздың ауылдық елді-мекендеріндегі 350 оқушысын ағылшын тіліне тегін оқытқан оқытушылар марапатталды. Облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес белсенді еріктілерді мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Мұнан кейін слет арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Аймағымыздың жайдарманшылары әзілдерімен көрермендерді қуанышқа бөледі.
23 қараша 2018 ж. 1 463 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 73

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930