Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста «ENGLISH FOR JASTAR» жобасы басталды

Облыста «ENGLISH FOR JASTAR» жобасы басталды

«Жас Отан» Жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытатын «English for Jastar» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес мәлімдеді.
Жоба мақсаты – ауыл жастарының ағылшын тілін тегін оқуына жағдай жасау, ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты қолдаулар көрсету. Сабақтар «English club» және т.б. бағыттарда жүргізіледі. Еріктілер 20 қыркүйектен бастап ресми түрде жұмыстарына кіріскен.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының «English for jastar» жобасы аясында Қызылорда облысында еріктілер жасақталып, елді-мекендердегі оқушыларды және жастарды ағылшын тіліне оқыту басталды. Жобаның тікелей үйлестірушісі әрі жүзеге асырушы – «Жас Отан» Жастар қанаты. Облыста 19 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірген. Жобаға қатысушы еріктілер тестілеуден және сұхбаттасудан өтіп, нәтижесінде 11 ерікті іріктеліп таңдалған», - деді Т.Тілес.
Ал, облыстық оқыту орталығының директоры Сырым Асқаровтың айтуынша, жобаға іріктелген еріктілер арнайы семинар-оқытулардан өткізілді. Олар екі ай бойы Қызылорда облысының барлық жеті ауданында қызмет ететін болады. Сондай-ақ, еріктілер қажетті оқыту әдістемелік құралдарымен, кітаптарымен қамтамасыз етілді. Мұнымен қоса балаларды оқытуға толық жағдай жасалды. Еріктіні оқытуға арналған орны, 3 мезгіл тамақтануы, жататын жері толық қарастырылған. Осы жобаның жүзеге асырылуына облыстық білім басқармасы да қолдау көрсетті. Жоба аясында ниетті оқушыларды толығымен қамту жоспарланған.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 020 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031