Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйек өңдеу сүйікті ісіне айналған

Сүйек өңдеу сүйікті ісіне айналған

Ежелден аңшылықты се­рік еткен, малшы­лықпен айналысқан қазақ халқы жан-жануар­лардың, балық­тардың сүйек­терін кәдесіне жарата білген. Шеберлер үй жиһаз­дарын, тұр­мыстық заттарды, қару-жарақтарды әзір­легенде және олар­ды әшекейлеп безен­дір­генде сүйекті кеңінен пайда­ланған. Ал қазір­гі заманда сүйекті өң­дейтін қолөнершілер аза­йып кетті. Тіпті, ілеуде біреу ғана.

«Ел іші – өнер кеніші» демекші, он саусағынан өнер сауғалаған талантты сондай жігіттердің бірі біздің өлкемізде тұрады. Ол – Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей­дің технология пәнінің мұғалімі Ерлан Жұматов. Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Бұрынғы Счастнов атындағы мектептің түлегі. Бала кезінен жоқтан бар жасауға тырысып, жаңалық ашуға жаны құмар болған жігіт сол кезден-ақ, болашағынан үлкен үміт күттіретін. Орта мектепті тәмамдаған соң «Бола­шақ» университетінен кәсіптік білім беру мамандығын алып шығыпты.

«Ісіне қарап, кісіні таны» деген тәмсіл Ерекеңе бағытталып айтылғандай. Ерланның ептілі­гінің арқасында қаншама қол­өнер бұйымдары дүниеге келді. Оның басқалардан ерекшелігі, кез келген сүйекті қажетіне жаратып, бір өнер туындысын жасай алуында жатыр. «Ұстаның қолы алтын». Оның сүйектен істелген бұйымдары талайды таңырқатып, түрлі көрмелердің көрігін келтіріп жүр. Мәселен, Ерлан жасаған тың туындылар аудандық, облыстық байқауларда жоғары бағалануда. Жуырда ғана Алматы қаласында өткізілген республикалық байқауда бірінші орынды иеленді.

Стамбулда өткізілген халық­аралық сайыста өзі «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп атаған жұмысы бас жүлдені қанжығалады. Осының барлығы да жас жігіттің ерекше ерік-жігерінің, ерен еңбекқор­лығының жемісі.

«Бастапқыда сүйектен туынды жасау балалық ермегім болатын. Кейін ден қоя бастағаннан кейін өзімнің сүйікті ісіме айналды. Кез келген артық-ауыс заттарды көрсем, содан басқа бір іске татымды дүние жасағым келіп тұрады. Көз алдыма пішінін елестетемін. Осы уақытқа дейін сүйектен жасаған бұйымдарымның ішінде ер жігіттің бес қаруы, қобыз, гүл, бүркіт, көгершін секілді басқа да дүниелерді жасадым. Көбіне құстарды мүйіздерден өңдеп шығарам. Жауырын мен қабыртқадан да істелінген заттар да кездеседі. Кәдесыйларымды сатылымға шығарған емеспін», – дейді Ерла­н.

Сонымен қатар, шебер сүйектің сыры жайлы сөз қозғады. «Сүйек майысып, иілетін зат емес. Сондықтан, онымен жұмыс жасау асқан ыждаһаттылықты талап етеді. Кейде қанша уақыт сарылып отырып жасаған дүниеңді көрмеге қоямын деп жүргеніңде сындырып алып жататын сәттер кездеседі. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген ғой. Ізімді қуып, осы өнерге қызығушылығын танытып жүрген оқушыларым да баршылық. Олардан үлкен үміт күтемін. Ертеректе балықтың басынан шын тарақанға аумайтын тарақан жасап, қыздарды қорқытқаным есімде. Кейде жолдастарым мен әріптестерім жақсы сүйек тауып, кездестіріп қалып жатса, маған арнайы жинап жүретін көрінеді», – деп күлді Ерекең.

«Жігітке жеті өнер де аз». Ерланның кез келген сүйектен туын­ды жасайтын осынау айрықша өнерінен бөлек, кәде­сыйлар мен жиһаздар құрас­тыратын да қыры бар екен. Ол енді өз алдына бөлек әңгіме.
Ет жеуден алдына қара салмайтын қазақ барда Ерланның өнерінің де өрлей беретіндігіне біз сенімдіміз.

Есет ТАБЫНБАЕВ

22 шілде 2019 ж. 2 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031