Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қабілетін шыңдаған шебер

Қабілетін шыңдаған шебер

Он екі мүшесі сау бола тұра «жұмыс жоқ» деп жатқан жандар қаншама?! Тепсе темір үзетін, темір білекті, сом жүректі жігіттердің жұмыссыз жүргеніне де көз үйреніп кетті. Ал, керісінше өмірдің тауқыметіне мойымай, қолынан келетін өнерін кәсіпке айналдырып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар ел ішінде баршылық. Солардың бірі – Майдакөл ауылының тұрғыны Гүлжанат Найтова.
Қазақта «Он саусағынан өнер тамған» деген керемет тіркес бар. Кім көрінгенге айтыла бермейтін осынау сөз құдды Гүлжанат секілді өз ісінің шебері болған жандарға арналғандай. Ол өзі мүмкіндігі шектеулі бола тұра, тігіншілікпен он жылдан бері үздіксіз айналысып келеді екен. Тіпті, мемлекеттік «Даму» қоры арқылы бір кездері 200 мың теңге грант иеленіп, тігін машинасын да алыпты. Қазіргі таңда, оның жасаған туындылары, тіккен құрақ көрпелері әртүрлі аудандық көрмелердің көркін арттырып жүргендігін де айта кеткен жөн.
– Қызымның мүмкіндігі шектеулі болса да бір көрген затын ұмытпайтын, соны тігін өнеріне дәлме-дәл салып, жасау-жабдық жасайтын ерекше қасиеті бар. Үйде қарап отырмай кәсіппен айналысатынына қуанамын. Ұзатылатын қыздарға қажет саналатын бұйымдарды жасайды. Ұршық иіреді, ою ойып, құрақ көрпе тігеді. Әйтеуір тапсырысы жаман емес. Алыс-жақын жердегі естіген жандар сатып алып тұрады. Барлық тігінге керекті заттарын Әйтеке би кентінен әкеліп береміз. Өзі үшінші топтағы мүгедек. Бала кезінен сөйлеп, ести алмаса да өмірге деген қажыр-қайраты ерекше. Осынысын алға тартып, атқа мінген басшылардан Әйтеке би кентінен екі бөлмелі үй сұраған да жайымыз бар. Әзірге ешқандай хабар болмай тұр. Кент орталығында тұрсақ тапсырыс та көптеу түсіп, қызым кәсібін кеңейтер еді, – дейді Гүлжанаттың анасы Жаңалық апай.
«Ел іші – өнер кеніші» деген бар. Қойнауы құтқа толы Қазалы топырағында әнші де, жыршы да, зергер мен ісмер де жетерлік. Бірақ, тағдыр теперішіне қарсы келіп, ағысқа қарсы жүзетін Гүлжанат секілді жандар некен-саяқ. Осындай азаматтарға мемлекет тарапынан көмек пен қолдау мейілінше көп болса, жеңілдетілген несиелер берілсе, елдігіміздің артқанының дәлелі болар еді.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
14 ақпан 2018 ж. 2 898 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930