Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттықпен өрілген шаңырақ тойы

Шаттықпен өрілген шаңырақ тойы

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланатын Отбасы күні – мейірім мен махаббатқа, татулық пен түсіністікке негізделген мерекелердің бірі. Бұл айтулы күн қоғамның тұтастығын, ұлттың рухани беріктігін айшықтайтын, отбасы институтының қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында белгіленген.
Осы орайда отбасының адам өміріндегі орны мен рөлін жастардың санасына сіңіру мақсатында республика көлемінде түрлі игі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ауданда да бұл мереке өзіндік сән-салтанатымен аталып өтті. «Руханият» орталығында өткен салтанатты неке қию рәсімі – соның жарқын үлгісі. Айрықша форматта өткен тағылымды шара отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жас жұбайлардың жауапкершілік пен сыйластыққа негізделген шаңырақ көтеруіне жол ашты.
Салтанатты рәсімге жаңа өмірге бірге қадам басқан қос жұппен қатар олардың жақындары, достары, сондай-ақ Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алмасұлы мен АХАТ бөлімінің басшысы Лига Наурызбаева бастаған сала мамандары қатысты. Шара аясында Мейіржан Мырзағұлұлы мен Гүлжайна Күмісбекқызына, Нұрбек Мәлкәйдарұлы мен Элвира Жәнібекқызына ресми түрде неке куәліктері табысталып, шынайы тілектер мен жүрекжарды ақ бата арналды.
Әсем әуенмен әрленіп, «Жұбайлар вальсіне» ұласқан әсерлі шара махаббат пен жарасымның шынайы көрінісіне айналды.
А. ЖҮСІПОВА
13 қыркүйек 2025 ж. 257 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930