Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі назарда

Тұрғындар тілегі назарда

Халықпен тығыз байланыс – билік пен қоғам арасындағы сенім көпірінің берік болуына негіз. Осы мақсатта Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерінің күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтарын ашық айтып, шешілуіне ықпал етуді сұрады. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі – тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегінің жылжуы, елді мекендердегі көшелерді асфальттау, инфрақұрылым мәселелері және басқа да әлеуметтік бағыттағы сұрақтар болды.
Жалғас Оңғарұлы әрбір азаматтың өтінішіне мұқият құлақ асып, оларды заң талаптарына сай қарастыру жөнінде түсініктеме берді. Сонымен қатар тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, өтініштердің әрқайсысы бақылауда болатынын жеткізді. Ал көшелерді асфальттау мәселесіне байланысты аудан басшысы жауапты мекемелерге нақты зерделеу жүргізуді тапсырды. Қажет болған жағдайда өзі барып, жергілікті жердегі жағдаймен танысатындығын айтты.
А. ЖҮСІПОВА
13 қыркүйек 2025 ж. 250 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031