Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Диастың дара жолы

Диастың дара жолы

Әйтеке би кентіндегі Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің оқушысы Диас Махамбет «BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының ХІІІ республикалық фестивалінен бас жүлдемен оралды. Жерлесіміз елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылатын республикалық шығармашылық фестивалінде “Көркем-қолданбалы өнер” аталымы бойынша жеңімпаз атанып отыр.
Жеңімпаздың жетекшісі, көркемөнер пәнінің мұғалімі Жәнібек Тілектің айтуынша, Диас сәуір айының басында облыс орталығындағы фестивальдің іріктеу кезеңінен өтіп, республикалық байқауға жолдама алыпты.
– Астана қаласында өткен сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген 300-ден астам бала вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен орындау, хореография, бейнелеу өнері, көркем-қолданбалы өнер жанрлары бойынша өнерлерін көрсетті. Осы сында ермексазбен түрлі бейнелерді жасаған біздің шәкірт, яғни Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің ерекше білімді қажет ететін 6 “Г” сыныбының оқушысы Диас Махамбет жеңімпаз атанып, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің “Дипломын” алды, – деген қуанышымен бөлісіп, Марат Құдайбергенов бастаған №234 мектептің ұжымына өз алғысын жеткізді.
Жексенбі күні Елордадан табысты оралған Диасты ұстаздары күтіп алды. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, аудандық білім бөлімінен келген мамандар өздерінің ақжарма тілектерін айтты.
Айта кетейік, 13 жыл қатарынан ұйымдастырылған «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне BI-Groupкомпаниясы демеушілік етеді. Сондай-ақ, фестивальдің өтуіне Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігімен қатар облыс, аудан әкімдіктері де атсалысады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ

05 маусым 2018 ж. 2 104 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930