Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Чехия халқының саны жылдан-жылға азайып барады

Чехия халқының саны жылдан-жылға азайып барады

Чехияда 2025 жылдың алғашқы алты айында халық саны 27 мыңнан астам адамға азайды, деп жазды АЗЕРТАДЖ.
Фото: Pixabay.com
Чехияның статистика басқармасы (ČSO) таратқан ақпаратқа сай, қазіргі таңда елде шамамен 10,88 миллион адам тұрады.

Халық санының азаюына жаңа туған сәби өлімінің артуы себеп болған. Қаңтардан маусымға дейін елде шамамен 60 мың адам қайтыс болса, дүниеге келгендердің саны 40 мыңға да жетпеген. Нақты айтқанда, жарты жыл ішінде 37,4 мың бала туған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9 мыңға аз. Осылайша, туу көрсеткіші 12 пайызға төмендеген.
ČSO бұл жағымсыз демографиялық тенденция соңғы төрт жыл бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, көші-қон өсімінің төмендеуі де жағдайды ушықтырып отыр. 
Есептік кезеңде Чехияға 49,6 мың адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мыңға аз.
Сонымен бірге, елден 56,4 мың адам кеткен, нәтижесінде көші-қон балансы теріс болып, Чехия шамамен 6,9 мың адамынан айырылды.
Статистика басқармасы бұл көрсеткіштің шетелдіктерге берілген уақытша тұруға рұқсат мерзімінің аяқталуымен байланысты екенін нақтылады – кейбір шетел азаматтарының құжаттары тамыз айының соңында күшін жойған.
Келушілер мен елден кеткендердің басым бөлігі — Украина азаматтары.
Бұдан бөлек, мамандар 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда неке санының да айтарлықтай азайғанын тіркеген.
Бұған дейін хабарланғандай, Чехияда жалғызбасты мұқтаж ата-аналардың саны артып келеді.

12 қыркүйек 2025 ж. 103 0

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930