Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза орта – табысты кәсіпке негіз

Таза орта – табысты кәсіпке негіз

Ауданда кәсіпкерлікті дамыту және экологиялық мәдениетті нығайту мақсатында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған.
Атап айтқанда, "Таза Қазақстан" акциясы шеңберінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалығын сақтау, нысанның ішкі-сыртқы келбетін талапқа сай ұстау, түнгі жарықтандыру жүйелерін орнату сынды мәселелер басты назарға алынды. Осы мақсатта Бірлік, Тасарық, Аранды, Қызылқұм, Өркендеу және Бозкөл ауылдық округтерінде жергілікті кәсіп иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Мансап орталығы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы және ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінен құралған жұмысшы топ кәсіпкерлерге нақты талаптарды түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұсынылатын қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі баяндады.
Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлікті өркендетіп қана қоймай, өңірдің жалпы келбетін жақсартуға, тұрмыс сапасын арттыруға және тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етпек.
Арайлым ЖҮСІПОВА
13 қыркүйек 2025 ж. 193 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930