Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер қонған отбасы

Өнер қонған отбасы

Сүлейлердің ордасы Сыр елінің талантты тумасы Шынберген Сүлейменов Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде қонақта болды. Бір бойына бірнеше өнерді тоғыстырған ақын, сазгер, әнші, шайыр Шынбергенмен кездесу кешіне көрермендер көптеп жиналды. Осы кеште өнерсүйер қауым мектеп-лицейдің 6 «А» сынып оқушысы Сүлейменовтер әулетінің ұрпағы Бағжан Байғараевтың өнеріне де куә болды.
«Сағағынан үзілмеген өнер әлемі» аталған кеште оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және өзге де қонақтар әр сөзі саф алтындай сыршыл ақын-сазгердің әсем әндерін тыңдап, рухани демалды. Астарлы әзіл айтып, көрерменін баураған Шынберген Сүлейменовтің анасы Алтыншаш Арғынбаева, әпкесі Ғалия, інілері Нұрбол мен Дастан, қарындасы Ғазиза, шәкірті Өмірбек сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі туралы сыр шертіп, балалық шақтан бүгінге дейінгі аралықта әдемі әңгіме өрбітті. Өнерлі отбасы Сүлейменовтер әулетінің ұл-қыздары мен немерелерінің қай-қайсысы болмасын өнерден құр алақан еместігін аңғартты. Бірі әннен шашу шашса, енді бірі, жүректен шыққан жырын оқыды. Ал мектепте өтетін мәдени шаралардың үнемі басы-қасында жүретін Бағжанның болашағынан ұстаздары үлкен үміт күтеді. Бақ дарып, өнер қонған әулеттің отанасы Алтыншаш анаға мектеп-лицей ұжымы «Алтын ана», Шынберген Сүлейменовке «Ғажайып жан» лентасын тақты. Кездесу кешін ұйымдастырған әрі жүргізген 6 «А» сыныбының жетекшісі Мейрамгүл Сейсенбиева ұтымды сауалдарына жауап алу арқылы шараның шырайын келтірді. Ақын мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойына деген тілегін төрт шумақ өлеңге сыйғызып, жұртшылықты талантына тағы бір мәрте тәнті етті.
Бұл күні ақынын ардақтаған және ән әлеміне қадам басқан жас талант Бағжанның талабын қолдап келген тыңдармандар тарапынан ізгі тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетілді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
23 ақпан 2019 ж. 2 313 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930