Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілге құрмет – елге міндет

Тілге құрмет – елге міндет

2017 жылы елімізде Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек — тіл ғылымының атасы, ғалым, жазушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленді. Жыл сайын кеңінен аталып өтетін атаулы күн – ел бірлігі мен ынтымағының, этностар арасындағы өзара татулық пен түсіністіктің айшықты белгісіне айналған.
Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ана тілім — айбарым!» атты мерекелік шара өтті. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мазмұнды кеш тақырыптық саханалық қойылыммен шымылдығын ашты.
«Қазақ тілі – ұлттың ұйытқысы. Бұл тілдің мерейін асырып, қолданыс аясын кеңейту – бәріміздің азаматтық парызымыз», –деп мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – Тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі екен туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов тіл жанашырларын мемлекеттік маңызға ие күнмен құттықтады.
Бұл күні қазақ тілінің өрістеуіне үлесін қосып жүрген бір топ азаматтар облыс әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасының Алғыс хаты, «Абай аманаты» төсбелгісі, аудан әкімінің, облыстық, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғысымен марапатталды. Қатарында мемлекеттік қызметкерден бастап, ұстаз, тәрбиеші, кітапханашы, мәдениет саласының өнерпазы, қоғамдық бірлестік мүшесі, дәрігер, әдіскер сынды түрлі мамандық иесі бар.
Қазалы ауданы бойынша «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір жүзеге асқан жұмыстар, алдағы жоспарлармен бөлісіп, көпшілікті аудандағы ахуалдан хабардар етіп, жылы лебізін білдірді.
Концерттік бағдарламада «Балапан» балабақшасының балалардан құралған хор ұжымы, аудан өнерпаздары қазақ тілі туралы ән мен жырдан шашу шашты.
Алтын МЕЙІРХАНОВА
13 қыркүйек 2025 ж. 210 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930