Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға 0°С дейін суық түсіп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады

Қазақстанға 0°С дейін суық түсіп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады


Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Қазақстан аумағында күрт суыту күтіледі. Ауа температурасы түнде 0°С-қа дейін төмендеп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды
Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 13-15 қыркүйекке арналған болжамында мәлім етті:
"Алдағы күндері фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады".
Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, қатты жаңбыр, бұршақ және шквалды жел күтіледі:
  • 13-14 қыркүйекте – Шығыс Қазақстан облысында,
  • 14 қыркүйекте – Жетісу облысының таулы аудандарында,
  • 15 қыркүйекте – Маңғыстау облысында.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы уақыттарда елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында тұман түседі"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Ауа райы температурасы да төмендейді:
  • елдің шығысында түнде 0…+9°С, күндіз +10…+22°С,
  • оңтүстікте түнде +10…+16°С, күндіз +17…+28°С,
  • орталықта түнде +1…+9°С, күндіз +12…+20°С.
"Солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура +12…+19°С дейін жоғарылайды. Батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райының температуралық фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды"."Қазгидромет" РМК
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарын қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерткен еді.
12 қыркүйек 2025 ж. 273 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031