Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі: жыл басынан бері 70 мыңнан астам неке қиылды

2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке қиылып, 226 803 бала дүниеге келді.
Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні 631 жұп шаңырақ көтерсе, 1 195 сәби тіркелді.
Маңыздысы, некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.
Сондай-ақ, әрбір азамат салтанатты неке қию рәсімін ақылы түрде тапсырыс бере алады. Ол үшін АХАТ бөлімдеріне жүгіну немесе «ЦОН» мобильді қосымшасы немесеэлектрондық үкімет порталы арқылы өтініш қалдыру жеткілікті.
«Азаматтарға арналған үкімет» ел тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтай отырып, қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен балалардың құқығын қорғаудың маңызын атап өтеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ