Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады

Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады

Қазақстанда былтыр 288,7 мың тонна құс еті өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9 процентке артық, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
АШМ ақпаратынша, республикада бүгінде 69 құс фабрикасы, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы, сондай-ақ 6 асыл тұқымды өнім шаруашылығы бар. Ал құс басы 49,9 миллионнан асады.
"2022 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санатында құс етін өндіру көлемі 288,7 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9%-ке артық. 5,1 млрд дана тауық жұмыртқасы шығарылды, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,4%-ке жоғары", - делінген хабарламада.
Құс фабрикалары өндірген тағамдық жұмыртқаның үлесі 75,3%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 24,6% құрайды. Ішкі нарық 101 процентке қамтамасыз етіліп отыр.
Ведомсто мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта шаруашылықтардың барлық санатында 165,2 мың тонна (+14,4%) құс еті өндірілді. Сондай-ақ шамамен 2,4 млрд дана (-1,8%) тауық жұмыртқасы шығарылды.
22 тамыз 2023 ж. 644 0

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 26

БАҒА БАҚЫЛАУДА

24 ақпан 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728