Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл құс еті 11 пайызға қымбаттаған

Биыл құс еті 11 пайызға қымбаттаған

2023 жылы құс еті өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп өндірілген.
Жыл басынан бері елімізде 70,7 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,1% артық. Сондай-ақ, 63,2 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы мерзімнен 1,8% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа сойылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
Ақмола облысы – 27,7 мың тонна (бір жылда 30,2% өскен);
Шығыс Қазақстан облысы;
Алматы облысы.
Мұздатылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
Алматы облысы – 27,2 мың тонна;
Ақмола облысы;
Абай облысы.
Жалпы 2022 жылы елімізде 121,2 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті (бір жылда 7,8% өскен) және 120,8 мың тонна мұздатылған құс еті (4,9% азайған) өндірілді.
Биыл қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар құс еті және тағамдық субөнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 73,5% қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 72,2% болған.
Импорттың үлесі – 26,5%. Қазақстан 49,1 мың тонна құс еті мен тағамдық субөнімдер импорттаған – былтырғымен салыстырғанда 5,7% артық. Бұл ретте экспортқа 14,1 мың тонна жөнелтілді, 2,8 есе өскен.
Ішкі нарықта құс еті мен тағамдық субөнімдерді сату 5,9% өсіп, 171,5 мың тоннаны құрады.
Құс еті ең қымбат өңірлер:
Павлодар облысы – 23,6%;
Батыс Қазақстан облысы – 23,3% өсті;
Қостанай облысы – 19,6% .
Сондай-ақ, ең арзан өңірлер:
Маңғыстау облысы – 0,6% қымбаттады;
Ақтөбе облысы – 2,8% арзандады;
Түркістан облысында – 2,8% арзандады.

01 тамыз 2023 ж. 280 0

Жаңа министр ант берді

10 мамыр 2024 ж. 26

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 51

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031