Қазақстан дәрі-дәрмекті былтырғыдан 21 пайыз көп импорттаған
Фармацевтикалық өнім өндірісі бір жыл ішінде 9% өсті. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 37,9 млрд теңгеге фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,2% жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Инфляция деңгейіне түзетілген нақты өсім 9,1%-ды құрады. Өңірлер бойынша өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Шымкентке тиесілі: 11,2 млрд теңге - былтырғыдан 36% көп. Жетекші үш аймақ қатарында Алматы облысы мен Алматы бар. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикада негізгі фармацевтикалық өнімдер шығарумен айналысатын 277 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде тек 59,6% немесе 165 кәсіпорын жұмыс істейді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ел компаниялары 31,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1% артық (нақты өсім - 9,4%). Басқа фармацевтикалық өнімдер 2,1 млрд теңгеге өндірілді. Өндірістің өсуіне қарамастан, Қазақстанда дәрі-дәрмек импорты да артты. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-ақпанында елге 167,7 млн долларға 4,8 мың тонна препарат жеткізілді. Өсім ақшалай мәнде өсім 2,7%-ды құрады. ТМД елдерінен Қазақстанға 2,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға жоғары. Олардың ішінде Ресей Қазақстанға медициналық препараттар импорттау бойынша көшбасшы болып табылады. Импорттың тағы 54,5% алыс шетелдерге тиесілі: 154,2 млн доллар немесе 2,6 мың тонна. Мұнда Қазақстан дәрі-дәрмектің көп бөлігін Қытайдан, Үндістаннан және Польшадан импорттаған.