Еліміздегі антисептик өндіретін компаниялардың тізімі жарияланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дезинфекциялық ерітінді өндіретін компаниялардың тізімін жариялады.
Қазіргі таңда дезинфекциялық ерітінді өндіретін компаниялар мына өңірлерде орналасқан:
Павлодар қаласы: «Каустик» АҚ (өндірістік қуаты – жылына 6,6 мың тонна), «БО-НА» ЖШС (қуаты – жылына 240 тонна) және «Қазбытхим» ЖШС (қуаты – жылына 6 тонна);
Алматы қаласы: «Аврора» ЖШС (жылына 10 мың тонна), «Microhim» ЖШС (қуаты – тәулігіне 6 мың литр), «Гиппократ» ЖШС (тәулігіне 3 мың литр), «Nazar Glabal Trade» ЖШС (қуаты – тәулігіне 6 мың литр);
Шымкент қаласы: «ASEM» ҮЕҰ» ЖШС (тәулігіне 4 тонна), «ТИН» ЖШС (тәулігіне 5 мың флакон);
Қарағанды облысы: «Грос Фарм» ЖШС (тәулігіне 2 мың литр);
Солтүстік Қазақстан облысы: «Радуга» ЖШС (тәулігіне 4-7 мың литр);
Ақмола облысы: «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС (тәулігіне 1 мың литр);
Алматы облысы: «Golden Time Group» ЖШС (тәулігіне 2 мың литр);
Қостанай облысы: «МедиаДез» ҮЕҰ» ЖШС (тәулігіне 1500 банк).