Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

Облысымызда қуаты жылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ержан Сагинбаев мәлімдеді.
"Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылды.Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іске қосылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады.Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысына бас мердігер ретінде Чайн Триумф Интернешнл Инжиниринг қытайлық трансұлттық компаниясы тартылды.Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында серіктестік өкілдерінің "StewartEngineers" вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтті. Нәтижесінде, екі тарап ортақ шешімге келді",- деді Ержан Юбилерович .
Мұнан өзге, шыны зауытын газ және сумен жабдықтау, электр желілерін, автожол және байланыс орнату үшін жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі 
12 желтоқсан 2019 ж. 1 548 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930