Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемде шарфты әдемі етіп тағудың әдістері

Көктемде шарфты әдемі етіп тағудың әдістері

Көктем келсе, шарфпен мойнымызды жылы ұстап қана қоймай, оның әдемі көрінгенін де қалаймыз. Шарфты байлаудың түрлі әдістері бар. Солардың кейбіреуін осы көктемде қайталап тағып көріңіз.
Шарфты түйіншек етіп байлау.
Әдемі жібек орамалды мойныңызға орап, түйіншек етіп байлаңыз немесе бант жасаңыз. Орамалдың шағын әрі ашық түсті түрін таңдаңыз. Оның екі ұшы бірдей ұзындықта болатындай етіп мойынға орап, екі рет түйіншектеуге болады.
Шарфты босатып тағу.
Күн жылы болса, шарфты мойынға орамай-ақ, қосымша аксессуар ретінде босатып тағуға болады. Оған үлкен жібек орамал келеді. Көлемді түйіншек жасау. Мұндай көлемді түйіншек жасау үшін шарф та жалпақ әрі қалың болуы керек.
Көлемді шарфты мойынға бірнеше рет орап, соңынан бос етіп бір рет түйіншектеңіз. Көктемнің алдамшы ауа райында үстіңіз жұқа болса да, мойныңыз жылы оралып тұрса, тоңбайсыз. Көлемді шарфты мойынға бос етіп орау. Егер кездесуге асығып бара жатсаңыз, көлемді шарфты алдыңғы әдістегідей орап, бірақ байламай-ақ қойыңыз. Мұндай әдіс те стильді көрінеді.
Ковбой стилінде тағу. Жылы ауа райында әдемі орамалды ковбой стилінде тағуға болады. Ол үшін орамалдың үшбұрышты жағын алдына қаратып, екі ұшын артына байлап қойыңыз.
Чокер ретінде тағу. Бірінші әдістегідей шарфты мойынға түйіншектеп байлайсыз. Бірақ ондағыдай бос етіп орамайсыз, кішкентай жібек орамалды мойынға жабыстырып бірнеше рет орайсыз. Содан соң түйіншектеп байлап, байланған жерін жанға ысырып немесе астына жасырып қоюға болады.
Шарфты белдікпен үйлестіру. Егер шарфты аксессуар ретінде пайдаланғыңыз келсе, оны алдымен мойынға жай іліп тағыңыз. Содан соң сыртқы киімнің және шарфтың сыртынан жіңішке белдік тағып алыңыз.
massaget.kz​​​

14 наурыз 2020 ж. 1 502 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930