Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазда тойға не киеміз?

Жазда тойға не киеміз?

Жазда тойға не киеміз? Жаз – тойы көп уақыт. Назарыңызға жаздыгүні тойға немесе сол сияқты салтанатты кештерге киюге болатын сәнді әрі әмбебап киім үлгілерін ұсынамыз.

Бұршақ принті бар көйлек Бұршақ (polka dot) принті – сәннен кетпейтін трендтің бірі, сондықтан оны жыл сайын подиумдардан байқауға болады. Бұршақ принті бар көйлекті әдемі әшекейлермен және нәзік аяқкиіммен үйлестіріп, кез келген тойға баруға болады. "Сұлу қыз" фильмі есіңізде болса, басты рөлдің бірін ойнаған Джулия Робертс бір көріністе бұршақтары бар көйлек киеді. Мұндай көйлек 90-жылдардағы әйелдердің арманына айналды. Бұршақ принті қазір де өзінің танымалдығын жоғалтқан жоқ.

Гүлді принті бар көйлек Гүлді көйлек әйел адамның нәзіктігін еселей түседі. Алайда ол күрделі принтке жатады, сондықтан қосымша деталь көп қолданбаған жөн. Гүлді көйлекке нәзік клатч немесе сабан сөмке ұстаңыз. Бұл сәнді принтті АҚШ президентінің қызы және кеңесшісі Иванка Трамп еуропалық саяси сапарында бірнеше рет қолданды. Көріп тұрғандарыңыздай, гүлді көйлек екі түрлі шаш үлгісімен де жақсы жарасып тұр. Сонымен қатар, мұндай көйлек артық әшекейді қажет етпейтіндігін байқауға болады.

Шалбарлы костюм Шалбарлы костюм соңғы бір-екі жылдықта сәнқойлардың арасында танымалдыққа ие болды. Оны жібек топпен кию арқылы костюмді іскерлік емес, мерекелік етіп көрсетуге болады. Шалбарлы костюмді ойланбай-ақ көлемді әшекейлермен үйлестіруге болады. Шалбарлы костюмді жиі модельдерден көреміз. Мысалы, атақты модельдер Кайя Гербер мен Эмили Ратаковски кешкі шараға кең балақты шалбары бар костюмдер киген.

Жібек көйлек 90-жылдар стиліндегі жібек көйлек бір уақытта әмбебап, жинақы әрі нәзік көрінеді. Ішкиім стилі әлі де сән әлеміндегі орнынан түсер емес. Қазір дүкендерден ішкиім стиліндегі мұндай жібек көйлектердің түр-түрін кездестіруге болады: ақшыл-сүтті, сұр, нәзік алқызыл, қара, ультракүлгін және басқа да реңктер. Оның түрлі ұзындықтағы және нәзік желбіршектері бар түрлерін де кездестіруге болады.

Комбинезон Тойға көйлек кигіңіз келмесе, кештерге арналған комбинезон таңдаңыз. Аяқты ұзын етіп көрсету үшін оның еденге дейін түсіп тұратын ұзын балақты түрін биік өкшелі туфлимен киіңіз.
07 тамыз 2019 ж. 3 571 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930