Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кірпікті көлемді ету жолдары

Кірпікті көлемді ету жолдары

Кірпігіңізді үй жағдайында ұзын әрі көлемді ету үшін бірнеше макияж жасау құпиясын білген жөн. Көлемді кірпік және нәзік түспен боялған ерін, жылдам жасалған күндізгі макияжға жатады. Ендеше төменде кірпікті көлемді етудің қарапайым жолдарын ұсынамыз. 

Тушьті ыстық суға салу 

Тушьті кірпікке жағудан 10 минут бұрын ыстық су құйылған ыдысқа салып қойыңыз. Құралдың формуласы жылдам активтендіріліп, көлемді тушь жақсы әсер береді. Мұндай жолмен тушьті қолдану кірпігіңізді әдеттегіден айқын әрі көлемдірек етеді. 

 Кірпікті тіс щеткасымен тарау

Кірпікті тушьтеп болған соң, тушь кеуіп кетпей абайлап қарапайым тіс щеткасымен тараңыз. Ол ұсақ кесектерден құтылуға және кірпікті көтеруге көмегін тигізеді. 

Тушь жақпас бұрын кірпікке опа жағу

Бұл тәсіл кез келген қарапайым көлем беретін тушьтің қасиетін жоғарылатады. Кірпікке тушь жақпас бұрын жаққыш көмегімен ұнтақ опаны себіңіз. Содан соң тушь қолданыңыз. Қорықпаңыз, кесектер қалмайды, кірпігіңіз көлемді болады. 

Кірпікті керлермен қайырмас бұрын оны фенмен қыздыру 

Кірпікті көтеріп қайырудың ең қарапайым және тиімді әдісі — ол арнайы кірпік қайыруға арналған керлер қолдану. Керлер тиімдірек нәтиже беру үшін, оны фенмен қатты ыстық емес орташа температурада қыздырыңыз. Қыздырылған құрылғы кірпігіңізді сапалы қайырады және кешке дейін сол қалпында сақтайды.
03 сәуір 2018 ж. 2 224 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930