Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жылдан кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиге сілтеме жасап Wall Street Journal мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жазғы ойындарды өткізбей қоймай, уақытын шегеретін шығар. Олимпиада өтпейтін болса, ХОК қиын жағдайда қалады", - деді Такахаши.

Комитет мүшесінің айтуынша, Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп санайтынын айтты.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған. Ойындарды ұйымдастыру комитеті жағдайды бақылап отыратын арнайы жұмыс тобын құратынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты жыл соңына шегерілуі мүмкін екені жазылған.
tengrinews.kz
11 наурыз 2020 ж. 886 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031