Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құраманың киім үлгісіне конкурс жарияланды

Ұлттық құраманың киім үлгісіне конкурс жарияланды

 ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне ашық конкурс жариялайды.

 "Біз олимпиадашыларды әдемі формамен қамтамасыз етіп қана қоймай, талантты шеберлерді, суретшілер мен дизайнерлерді қолдап, заманауи спорттық киімдер шығаруда жаңа тенденцияларды қолдануына мүмкіндік беріп, еліміздегі олимпиадалық қозғалысқа назар аудартқымыз келеді", – дейді Қазақстан ҰОК.

 Конкурсқа өтінімдер 2019 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін қабылданады. Келіп түскен барлық жұмыстар Қазақстан ҰОК ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

 Жеңімпазды жанкүйерлер пікірін ескере отырып, арнайы комиссия құрамы анықтайды. Оған Қазақстан ҰОК мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спорт қайраткерлері мен ел намысын қорғап жүрген спортшылар кіреді. Қазақстан ұлттық құрамасының парадтық және спорттық киім үлгісі бойынша ең жақсы дизайн идеясының авторлары ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Конкурс нәтижесі 2019 жылдың 23 қарашасында Olympic.kz сайтына шығады. Конкурс ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамыз күндері Жапония астанасы Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді.
15 қазан 2019 ж. 1 042 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031