Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп жасаудың қайнар көзі

Көп жасаудың қайнар көзі

Адамның қалыпты өмір сүру жағдайына тікелей байланысты нәрдің үйде кездесетінін білеміз бе? Ағзаның 86 процентін құрайтын осынау ғажайып табиғат сыйы – судың қасиеті мен тиімділігін қаншалықты бағамдап жүрміз. Пайдасы қандай? Одан келер қауіп бар ма? Бүгінгі әңгіме сол туралы болмақ.
Адам өліміне тікелей себепші
Судың қадірін адамдар ертеден білген. Көне аңыз-әпсаналар да осыны меңзейді. Ғалымдардың айтуынша, судың жасы 3 миллиард жыл деп топ-шыланып отыр. Соңғы жылдары оның қасиеті ту-ралы деректер көптеп жарыққа шығуда. Зерттеу-лер нәтижесі «Су – биологиялық компьютер» де-ген тұжырым жасаған. Тәжірибе көрсеткендей судың қасында жақсы сөз айтып, Моцарттың әуендері қойылғанда түйіршіктері тартымды, ды-бысы бөлек болғанын, керісінше рок ойналғанда, су ырғағын бұзғанын бейнеге түсірген. Ол жұмсақ бола тұра, өте икемделгіш, қатты, газ, сұйық та болып түрін ауыстыра алады. Осы орайда көпке кеңінен таныс «Сұмырай келсе, су құриды» деген
мақал ойға оралады. Бұл ұйқас үшін айтылған сөз емес, халық танымының тым тереңнен бастау ала-танын білдіретін бір мысал. Бүгінде тақырыпты жан-жақты зерттеуге мол мүмкіндік қарастырылған. Сондай заманауи соңғы үлгідегі аспап құрал көмегімен ашылған жаңалық – судың әрбір көзінде 440 мың ақпаратты панель бар екені анықталған. Олардың әрбірі қоршаған ортамен тығыз әсерде болатын көрінеді. Мына бір дерек алдыңғы тоқтамды толықтыра түседі. Ру-стам Рой есімді профессор: «Мидың негізгі бөлігін су құрайды. Сондықтан су мидың ақпаратты есте сақтау бөлігіне жауапты», – дейді.
Ал қазақ халқы суды ертеден кие тұтқан. Оның өзіндік сыры бар. Нәрестенің қалыпты өмірге келуі ана құрсағындағы судың әсеріне тікелей
байланыс ты. Осыдан бірнеше жыл бұрын қытай жерінен сол жақтың дәстүрлі медицинасын игеріп келген қандасымыздың бірі: «Адам өлімінің ба-сты себепкері жүректің тоқтауы не ми қызметінің бұзылуы, дененің құрғап қалуымен тікелей бай-ланысты», – деген пікірь айтқаны әлі есімде. Бұл ойдың қаншалықты ғылыми негіздемесі бары беймәлім. Алайда қарапайым түсінікке сиятын ұғым. Жас адамның денесінің 70-80 проценті су-дан тұрса, егде тартқандарда оның мөлшері 25 про-центке дейін төмендейтін көрінеді.Бір қызығы денедегі қатты деген сүйектің бірі дәл осы судан түзіледі екен.
Сиқырлы сұйықтықтың пайдасы
Судың құрамын тексерушілер оның адам ұғына бермейтін түрлі өзгерісіне қаныға түскен. Техникалық мүмкіндіктер молайғанымен суды
алмастыратын ешқандай зат әлі күнге дейін табылмаған. Сонысымен де әлем жұрты үшін “сиқырлы сұйықтық” атауына ие. Ағза бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтатындықтан, адам күніне соншасын ішіп отыруға міндетті. Бәріміз су ішудің пайдалылығын білеміз. Алайда оны қалай, қашан ішу керек? Бұл туралы пікірлер түрліше өрбиді. Сапалы өмір сүру үшін суды көп пайдалану керек. Судың қажетті мөлшері адам жынысы, жасы, салмағы, физикалық белсенділігі, қоршаған орта және тамақ жеу тәртібіне байланысты. Статистикалық мағлұмат ерлерге күніне 3,7 литр сұйықтық, ал әйелдерге 2,7 литр көлемінде сұйықтық ішкен жеткіліктілігін алға тартады.
Қазір көпшілік таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған. Бұл мамандардың айтуынша өте дұрыс үрдіс. Себебі, денедегі мидан асқазанға дейінгі мүшелердің барлығы суды қажет етеді. Дереккөздерден алынған мына мәліметтер әрбір жанның жадынан шықпағаны дұрыс. Үнемі су ішу дене температурасын тұрақтандырып, оттегі та-сымалдап, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды. Әдетте жұқпалы аурулар мен ула-ну кезінде көбірек ауызсу тұтыну ұсынылады. Дәрумен мен минералдардың тарауын қамтып, денені жарақаттанудан қорғайды. Клеткалар және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етіп, тері клеткаларын ылғалдандырып, сауықтырады.
Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза суға мойынсұнған жөн. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болу-ына әкеліп соғады. Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыз-дан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41 про-центке төмендетеді. Адамның иммундық жүйесін жақсартады.Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда мидың жұмыс істеуі баяулап, қан қоюланады, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. Су жетіспеушілік
бас ауруы, бас айналуы, шаршау және әлсіздік, ойдың тынықтығы бұзылып, тәбетсіздікке әкеледі.
Қайнаған суда қасиет бар
Жұртшық арасында «Қайнаған қара суда қасиет бар» деген мақал айтылады. Оның негіздемесі бар ма? Дәрігерлер суық судан ағза тітіркеніп, оны дененің ішкі температурасына дейін жылыту үшін «дабыл қағады». Суық су немесе мұз қосылған су-сындар ағзаларға орасан зор зиян тигізеді дейді.Шығыс ілімі бойынша, мәңгілік жастықтың құпиясы ыстық суда сақталған. Бұл қайнаған неме-се жылы емес, дәл 40-45 градус температурадағы су. Олардың ұғымында, аш қарынға ішілген бір кесе ыстық су өмір жасын 10 жылға ұзартады,
түн ішінде жиналған асқазандағы зиянды микроб-тарды өлтіреді. Ал қытайда балаларды тамақ ал-дында жылытылған су ішуге дағдыландырады. Тіпті мейрамханалар мен дәмханаларда тапсы-рыс әкелместен бұрын мейманға бір кесе ыстық су берілетін көрінеді.
Аюрведа іліміне сәйкес, оянғаннан кейін ішілген жылы су бас сақинасынан, қан қысымының жоғарылауынан, қан аздықтан, семіздіктен,
буындардың қабынуынан айықтырады.Ыстық су асқорыту мүшелерінің бұлшық еттерін босаңсытып, асқазан қабырғаларын ас қалдықтары мен асқазан сөлінен тазалап, қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті дұрыстайды. Ағзадағы зат алмасу реттеледі, қан тазарады, уыт-сыздану үдерісі күшейеді. Ағза біртіндеп «ояна-ды». Жылытылған суды ішуді күнделікті дағдыға айналдырсаңыз, нәтижесінде бет терісі тазарады, артық салмақ азаяды, қан қысымы тұрақтанады.Ескере кетерлік жайт, суды қатты қайнатпай, бір кесесін жылытып, асықпай, кішкене жұтыммен ұрттап ішу керек. Ал соңғы зерттеулер судың қайнауы ондағы минералдардың жоғалып, емдік қасиетін жоятынын жариялаған.
Судың зияны қандай
Қазақ «Ауру – астан» дейді. Бұл мүлдем тамақтанба дегені емес, керісінше әр нәрсенің өз өлшемімен пайдалану дұрыс болатынын еске
салады. Суды шамадан тыс пайдалану ағзаға ауыртпалық әкеледі. Мәселен, көп су жүрек және бүйрекке жүктемені екі есе арттырады. Аз
мөлшерде ішу бас ауруы, әлсіздік және зәр шығару кезінде қиындықтар тудырады. Тым ыстық су асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелсе, суық суды пай-далану ішкі органдар қызметін бұзады. Табиғи суды қалай тұтынуға болады Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның таза суға қатысты мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асқанға дейін тұрғындардың кейбірі құдық, бұлақ суын, қыстың күндері мұз, қар ерітінділерін, шалғайдағы малшы-лар қақ суын да ішкені баршаға мәлім. Қазақтың таныс тәмсілі «Сылдырсыз аққан судан без» дейді. Бұл ғылым ашқан су ағыны ұзарған сайын өзін-өзі тазалау қабілетіне ие болатынын айғақтайды. Егер қиын не кездейсоқ жағдаймен сондай су қорларына кезігіп қалсаңыз, оларды тұтыну қаншалықты қауіпсіз? Бұл туралы зерттеуші Евгений Пятовтың
пікірі мынандай.Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын реттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жібереді. Оны үйде тоңазытқыштың көмегімен даярлауға болады.
Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи ми-нералды су. Әйткенмен кез келген уақытта пайда-ланбас бұрын міндетті түрде тексеру керек. Егер сараптамада минералды құрамы адам үшін мінсіз екені байқалса, қайнатылмаған және сүзгіден өтпеген табиғи күйіндегі бұлақ суы өте құнды.Минералды суды да ішкі, сыртқы қолданысқа тексеру, бақылау арқылы енгізген дұрыс. Қазіргі күнде өз денсаулығына алаңдаған
адамдар үйлеріне су тазартуға арналған сүзгі құрылғысын орнатады. Бірақ фильтр шын мәнінде суды сіздің ағзаңыз үшін пайдалы әрі қауіпсіз ете ала ма?Құрамында белгілі бір мөлшерде кальций мен магний тұздары бар табиғи судың, үй жағдайында немесе өнеркәсіптік деңгейде болсын, сүзгіден өткеннен кейінгі құрамы айтарлықтай өзгеріп кетеді. Мұндай су физиологиялық толыққандылық талаптарына жауап бермейді. Себебі оның қаттылығы тым төмен және құрамындағы каль-ций мен магний тұздары мүлдем дерлік жойыла-ды. Үнемі тұзсыз суды қолдану адамның ағзасына пайдасыз. Қайнатылған су бактерия мен вирусты “өлтіреді”. Оның ішінде пайдалы жерасты
суларындағы физиологиялық пайдалы бактерия-лар тобы да жойылып кетеді. Ал керісінше, зиянды химиялық элементтер жоғары концентрацияда өз күшін сақтап қалады. Жерасты қайнар көздерінен алынған, қауіпсіздігі сақталған табиғи минералды сулар қайнатылған суға қарағанда әлдеқайда пай-далы.Кейбір нәзік жандылар суға күміс қасықты са-лып қою арқылы тазалауға болады деген пікірде.
Ғалымның айтуынша бұл дұрыс амал. Металдың аталмыш түрінің бактерицидті құртуға әсер етуі ежелден мәлім. Күміс иондары антисептикалық қасиеттерге ие. Олар суды қауіпсіз ете алады. Сондықтан күміс ыдыстарды пайдалану қауіпсіз әрі пайдалы.
Таза су – көп жасаудың қайнар көзі. Денсаулығымыз өз қолымызда екенін ескер-сек, өмірдің нәрі, тіршілік тынысына баланған
суды дұрыс ішу де маңызды екенін естен шығармағанымыз абзал.

Дайындаған
Алтын МЕЙІРХАНОВА
13 қаңтар 2020 ж. 665 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 42

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 38

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930