Еріген мұз суының пайдасы бар ма?
Мұздың еріген суы дәрі немесе дәрумен емес. Еріген судың ағзамыздың өзін өзі басқаруына (реттеуге), зат алмасуды жақсартуға және әрбір жасаушалардың (клетка) өміршең болуына тигізер пайдасы зор.
Еріген су өзінің молекулалық құрылымымен ағзадағы жасаушаларда болатын сұйыққа ұқсайды. Яғни, биологиялық өктем және оңай сіңеді. Бұл судың ағзаға кереметтей қуат көзі болып — сергектік, жеңілдік сияқты қыс айларында адамға нағыз керек жәйкүй туындауына әсері мол.
Егерде күнде 1-2 стакана осындай су ішіп тұрсаңыз көңіл күйіңіз айтарлықтай көтеріледі. Жүрек қызыметі дұрысталып, арқа және бас қантамырларының жұмысы реттеледі. Қан құрамы мен бұлшық еттердің жұмысы жақсарады. Еріген судың аса пайдалы кездері тамаққа тоқтау қойып немесе аштықпен емделу уақыты. Ол токсиндерді тез шығарады.
Қыста еріген суды даярлау тым оңай. Эмальданған ыдыста немесе үлкен пластикалық шөлмекке(аузы кесілген болсын) краннан алынған суды құясызда балконға қойсаңыз болды. Кейін ерітесізде керегіңізше іше бересіз.
Су құбырының суын қатырар алдында қайнатудың қажеті жоқ. Қатыру — суды тазалаудың қайнатудан гөрі ұтымды әдіс Ыдыстың ернеуіндегі қатып тұрған мұз — мөлдір және таза-бұл ең жеңіл су. Түрлі қоспалардан тұратын ауыр судың қатуы ұзағырақ болады да, мұзы ортасына қарай жиналады. Мұздың түсіне қарап ақ ажырата аласыз — ол ақшыл көбіктенген түсте болады. Еріту кезінде таза мұзды бөліп алу керек. Ол үшін қатқан мұз кесегінің ортасына ыстық суды құйып алсаңыз болды.
Еріген суды өзгеріске ұшыраған кристаллдық құрылымы(күйі) «жадында» тұрған кезінде бірден ішу керек. Ол суда тамақ жасауға болмайды — қайнаған кезде кристаллдық күйі өзгеріске ұшырайтындықтан қасиеті жоғалады. Таза мұзды(қоспалары жоқ жері) кішкене бөліктерге бөліп мұздатқышта сақтайды. Қажет болған жағдайда қолдану үшін. Құбыр суының орнына бұлақ суы немесе шөлмектердегі минерал суларды да қатыруға болады.