Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2017-2018 жылғы күз-қыс топтамасы

2017-2018 жылғы күз-қыс топтамасы

Дизайнерлер осы жылғы күз, қыс мезгілдеріне арнлаған сәнде былғары көйлектен бастап әшекейленген нәзік көйлектерге дейін түрлі киім үлгісін ұсынды. Барқыт көйлек Бұл материалдан жасалған киімдер қайтадан танымалдылық шегіне жетті. Өткен сән көрсетілімдеріне қарағанда барқыттан тігілген киімдер (көйлектен бастап аяқ киімге дейін) өте көп болды. Сәнді барқыт көйлектің ұзындығы еденге дейін немесе тізеден асқаны жөн. Сонымен қатар, оның қою қызыл, қою көк, қара және қанық жасыл түсі сәнде болады. Атлас көйлек Дизайнерлер кештерге арналған атлас көйлектер ұсынды. Мұндай көйлектер нәзік реңкті болып келеді. Аң терісімен безендірілген көйлек Қыс мезгілінің ең танымал материалы – тері сыртқы киімнен көйлекке де жетті. Дизайнерлердің бірі аң терісін көйлек етегінің жиегіне, енді бірі толықтай етекке қолданған. Emporio Armani және Au Jour Le Jour көйлектерге тері жаға қосқан. Мұндай жағаны мойынға орауға немесе бір иыққа ұзынынан іліп, белбеумен бекітіп қоюға болады. Желбіршегі бар көйлектер Желбіршегі бар көйлектер өте нәзік көрінеді. Күз-қыс мезгілінде бұл декор көйлектердің жеңінде, кеуде тұсында және етегінде қолданылған. Шалбары бар көйлектер Christian Siriano, Monse және Emporio Armani 2000 жылдардағы туникаларды естеріне түсірді ме әлде азиялық мемлекеттердің сәніне қызығушылық тудырғандықтан ба қалың шалбары бар ашық түсті көйлектер ұсынды. Жануар принті бар көйлек Күз-қыс 2017-2018 топтамасында жануар принті бар көйлектер де көптеп кездесті. Мұндай көйлектердің күнделікті киюге, кеңсеге және кештерге арналған түрлері көрсетілді. Сән көрсетілімінде жануарлар түсі ғана емес, ерекше алқызыл, қою жасыл және қыша түсті көйлектер де кездесті. Кей дизайнерлер барыстың дақтарын және ала құланның жолақтарын пайеткамен безендірді. Гүлді өрнектер Күз бен қыста да раушан, сәлдегүл, сарғалдақ және белгісіз гүлшанақтар әйел адамның гардеробынан орын табады. Басты тренд – гүлді өрнекпен қапталған жеңіл көйлек. Киноға немесе дүкен аралауға барғанда мұндай көйлектер сөзсіз үйлеседі. Ал сабаққа немесе жұмысқа қарапайымдау түрлерін таңдаған жөн. «Металл» көйлек Жылтыраған мата, металлданған жіп, пайетка, жапсырмалы моншақтармен безендірілген күміс түсті көйлектер подиумдардан орын тапты. «Металл» көйлектердің көпшілігі кештерге арналып қарапайым пішінде жасалған. Мұндай көйлектерге артық әшекейдің керегі жоқ. Былғары көйлек Бұл материал әр мезгіл сайын сән подиумынан кетер емес. Былғарының күңгірт және жылтыр түрі де сәнде болады. Жүн, твид және трикотаж Қыста қалың көйлексіз бойжеткен гардеробын елестету мүмкін емес. Дизайнерлер бәтеңкемен және ұзын етіктермен үйлесім табатын қалың трикотаждан және твидтен тігілген көйлектер ұсынды. Твидтің классикалық түсімен қатар, түрлі түсті түрдегі көйлектер де кездесті. Асимметриялық үлгі Асимметриялық үлгідегі көйлек арқылы дене пішінінің кемшілігін жасыруға болады. Асимметриялық үлгідегі көйлектердің көпшілігі кештерге арналып тігіледі. Себебі мұндай киім үлгісінің құрылымы күрделі.
massaget.kz
03 қаңтар 2018 ж. 5 428 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930