Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Желтоқсан жаңғырығы жадымызда

Желтоқсан жаңғырығы жадымызда

1986 жылдың желтоқсанындағы жерде қары, бет шымырлатар аязы бар қыста Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды қаһарлы империядан сескендірмеген күш азаттықтыаңсау екені сөзсіз. Шын мәніндежелтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып «Қызыл империяның» күйрегені бәрімізге мәлім. Осынау барша елді дүр сілкіндірген тарихикүнде тәуелсіздікті ту етіп, оның жолында қан мен терін төккен азаматтың бірі – Қожабақы ауылының тұрғыны Дархан Бекжанов. Желтоқсаншы азаматпен тілдесіп, өткенді қозғап, сүбелі сұхбат құрған едік.
– 1986 жылы желтоқсанында қазақ халқы ауыр күндерді бастан кешті. Дархан Қанайұлы тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жасалған істе сіз де болдыңыз. Осы жайында айтып берсеңіз...
– Алматы Халық шаруашылығы институтының есеп және экономика факультетінің үшінші курс студентімін.
16 желтоқсан күні түстен кейін Қазақстан КП Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ Г.Колбин тағайындалды.
Бұл қазақ жастарының санасы оянып, М.Горбачевтің қайта құру саясаты жүргізіліп жатқан уақытқа сәйкес келді. Жылдам жеткен жайсыз шешімге әрбіріміз өз қынжылысымызды білдірдік.
Он жетісінде үшінші парға кірейін деп тұрған бетім еді. Дәріс өтетін 4-қабаттың залында Әнуарбек Дәуренбеков есімді факультет деканы орынбасарына ұшырасып, одан наразылардың Брежнев алаңында жиналып жатқанын естіген соң, сонда тұра жүгірдім.
Алаңға келе жатып Орталық Комитет үйін әскерилер қоршап тұрғанын көргенмін. Мезгіл кешкіре бастағанда бейбіт шеруде тұрғандарға бастарында дулыға, қолдарында сойылдары бар әскери топ бас салып күш қолдана бастады. Арада санаулы минут өткенде арнаулы көліктік техниканы іске қосып, мұздай су шаша бастады. Бұл қыз-жігіттердің арынын баса алмады. Қақтығыс өрши түсті. Қатыгездікпен басып-жаншылғандар қандай қиындыққа ұшырап жатса да «Біз Тәуелсіздік алмай қоймаймыз!» дегенінен танбады.
Осылайша қазақ жастарының әскерилермен арпалысы үш күнге ұласты. Көптеген азаматтар қыршын кетіп, кейбірі ауыр жарақат алды. Солардың ішінде орыс сарбазының «сапер» күрегінен ауыр соққы алған мен де бармын.
Сол сәттің әсерінен бүгінге дейін Алматыға бара қалсам бейжай күй кешіп, мазасызданамын. Желтоқсанның жаңғырығы – жадымнан, жарасы – жүректне, салқыны – санамнан өшпейді.
– Жұртшылық желтоқсанда қаза тапқандарды Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирамен шектейді. Шын мәнінде басқа да, қаншама қаракөздеріміз бен ержүрек ерлеріміз қыршыннан қиылып кетті. Ендеше сол бір жанкештілікке барған жандардың есімін халықтың жадында жатталуы үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыз?
– Әрине бұл төртеу туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған қазақ жастарының мәңгі есінен өшпес батырлары. Сол қилы күндерде Сәбира мен Ләззат – Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Ал Қайрат пен Ербол – батыр бабаларының мұра еткен ерлік пен елдіктің жалауын жерге құлатпаған жандардың бірі.
Бірақ желтоқсан оқиғасында батылдық танытқан басқа да қазақ жастар ел есінен өшкен емес.
Ұлт-азаттық көтерілісте Ма­шарап Шоқбаров, Болат Шо­нықов, Ұлан Өмірсеріков, Нұр­тай Сабильянов пен Арын­ғазы Қайырбаев және Жарас Тәжімбетұлы сынды тағы басқа көптеген дос-жарандарымыздың ұлт намысы жолындағы ерліктері әлі күнге дейін көз алдымда. Тағы сол уақытта көмек қолын созған Фаризана, Сәуле, К.Дүйсембаева, Е.Төлеген мен Ж.Шалқарбеков, Б.Цой және Патан мен Досберген Көшкімбаев сынды ұстаздарымда болған.
Оларды мақтаныш етемін және қырау түскен ақ басымды иіп құрмет пен алғысымды білдіремін.
–  Алаш жас­тары­ның азаттыққа де­ген ұм­тылысы жо­лын­дағы жайтқа қатысты әлі де ашыл­маған талай сыр бар. Сіздің ойы­­ңызша оның бар­лығын зерт­теп-зер­де­леу үшін, яғни шіл­тер артында жа­сырылған шын­­­дықтарды ашу үшін қанша уа­қыт керек?
– Ұлт-азаттық көтерілісіне шық­қан жас жалын­дарды аса қатал жауыздықпен талқандап, оларды ұрып-соғып алаңнан қуғандары мен оларға қарсы қолданған аюан, сорақы істері көп болды.
Ең бастысы – еліміздің тірегі Тәуелсіздігімізді алып, әлем елдеріне қазақтың кім екенін танытып, ұлт намысы жолында батыр бабаларымыздың ұрпақтары ештеңеден тайын­бай­тынын көрсеттік.
Бұл күндердің ашылмаған сыры жоқ емес. Әр нәрсенің өзінің белгіленген уақыты бар. Сол үшін қалған ашылмаған сыры менен қырын уақыт еншісіне қалдырамыз.
– Одақтың отаршыл, әмір­шіл жүйесіне қарсы нара­зылық іс-қимылдары қолдан ұйымдастырылды деген көп­шілік­тің  уәжін әлі күнге дейін естіп жүрміз.
Бұл пікірге деген сіздің көзқарасыңыз...
– Иә, барлығы басылған соң, көпшіліктің аузында «белігілі бір тұлғалардың жоспары бо­йынша ұйымдастырылды» де­ген алып-қашпа әңгімелер жүрді. Алайда мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Сол уақытта маңайдағы тенхикумға, архитекторлар институты сынды орындарға шеруге шықпақшы болып жатқанымыз жайлы хабар беріп, алаңға ерікті түрде жиналып, Кеңес одағының билігіне наразылығымызды біл­діре отырып, ел Тәуелсіздігіне қол жеткізуді көздедік.
– Желтоқсан оқиғасы құр­бандарын еске алу күні Тәуелсіздік мерекесінің та­сасында қалып жатқан жоқ па?
– Расымен бұл Тәуелсіздік мерекесі есебінде ғана тойланады. Әрине оған еш қарсылығым жоқ. Дегенмен оның жолында өз бастарын тәуекелге тігіп, тә­уел­сіздікке жеткізген жас­тар­дың қан кешті оқиғасын еске алатын қаралы күн, арнайы да­таны белгілесек – сол азамат-азаматшаларға көрсеткен құр­метіміз болар еді.
Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақ­станды» құруды қолға алды. Елде әділет орнап, көптің базынасы тыңдалып, әлі-ақ бәрі орнына келетініне кәміл сенемін.
– Бұрынғының жастары жалындап, ел менен жер үшін жанын пида ету жолында тайсалмаған. Сол шақтағы жас пен бүгінгі жастардың арасында алшақтық байқайсыз ба?
– Шынымды айтсам көп-ақ. Бұрын сананы рухани байлық билеуші еді, бүгінде сол сөздің мәні өзгерген.
Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Әрине көпке топырақ шашпаймын бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз?Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!
Әңгімелескен
Серік АҚМЫРЗА
19 желтоқсан 2022 ж. 746 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031